- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылды пысықтады (Фото)
ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылды пысықтады (Фото)
Оқу-жаттығуға Алматы гарнизоныәскери бөлімдерінің командирлері мен штаб бастықтары, сондай-ақ ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің рота командирлері қатысты.
«Бақылау-өткізу пунктерінің және әскери бөлімдер күзететін объектілердің диверсияға қарсы жабдықталуын, қолдан жасалған жарылыс заттары мен әскери үлгідегі жарылғыш заттар табылған кездегі іс-қимылдыұйымдастыру, сонымен қатар әскери обьектілерді күзету мен қорғауды күшейтуге арналған бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау өткізілген іс-шараның мақсаты болды», - делінген хабарламада.
«Біз төтенше жағдайлар орын алған кезде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру және оның іс жүзінде орындалуын көрсеткіміз келді», - деп 25750 әскери бөлімінің әскерлер қызметі басқармасының бастығы подполковник М.Қаманов атап өтті.
Оқу-жаттығуды 78460 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник А.Әкішев пен аталған бөлімнің диверсияға қарсы жұмыстар жөніндегі офицері капитан А.Қыпшақов өткізді. Іс-шараның бірінші бөлімінде әскери бөлімдердегі бақылау-өткізу пунктерінің Қорғаныс министрінің бұйрығыталаптарына сәйкес жабдықталу тәртібі, ал екінші бөлімінде – төтенше жағдайлар орын алған кезде тәуліктік нарядтың іс жүзіндегі іс-қимылын, басқа бөлімшелер көмекке келгенге дейін қолда бар күшпен қорғану жөніндегі іс-қимылын көрсетті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді