• Басты
  • «Астана Опера» театрының солисті Италияда өнер көрсетеді
8 Сәуір, 2015 20:42

«Астана Опера» театрының солисті Италияда өнер көрсетеді

«Астана Опера» театрының жетекші солисттері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина (меццо-сопрано) және Салтанат Ахметова (сопрано) 10 шілдеде итальяндық Карло Феличе театрының сахнасында Людвиг ван Бетховеннің № 9 Симфониясын шырқайды, деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.
«Астана Опера» театрының солисті Италияда  өнер көрсетеді

Солисттер «Астана Опера» театрында наурыздың 13 мен 17 жұлдызы аралығында Карло Феличе театрының әртістер жөніндегі директоры Джузеппе Акуавива өткізген тыңдалымнан іріктеп алынғанын атап өтейік. Тыңдалымға опералық труппаның отыздан астам әншісі қатысты.

«Әртістердің барлығы жақсы, дауыстары да зор екен. Салтанат Ахметованың итальяндық тілде тамаша сөйлейтіні таң қалдырды. Маған Дина Хамзинаның даусы өте ұнады. Театрдың екі солистін шақырумен қатар, болашақта опера солисттерін мүмкіндігінше көбірек шақырғымыз келеді, тек концертке емес, сондай-ақ олар спектакльдерде өнер көрсетсе дейміз. Біз афишамызда «Астана Опера» театрының аты тағы аталғанын қалаймыз. Қазақстандық жас әншілер үшін Карло Феличе сахнасы Еуропада жұмыс жасауға жол ашатын бастама болады деп үміттенемін.     

Дина Хамзина мен Салтанат Ахметова орындайтын тоғызыншы симфония, классикалық музыка туындыларының ішіндегі анағұрлым танымалдарының бірі және Бетховеннің шоқтығы биік жауһары болып табылады. Қазіргі қоғамда да бұл шығарманың алатын орны ерекше, неге десеңіз, ол халықтар туыстығының әнұранына айналған. Қазір Миланда «Экспо-2015» көрмесі жүріп жатқаны белгілі, «Астана Опера» театрының солисттері аталған шараның эстафетасын символдық тұрғыдан қабыл алып, оны Қазақстанға «Экспо-2017» өткізу үшін жеткізеді.  

Дина Хамзина мен Салтанат Ахметова симфонияға дайындалу үшін Италияда бір апта болады. Олар итальяндық хормен және оркестрмен репетиция өткізеді. Дирижерлық тізгінде атақты қытайлық дирижер – Люй Цзя. Қазақстандық опера әншілерінің табынушылары үшін жақсы жаңалық - итальяндық театр концертті тікелей эфирде өзінің сайты арқылы көрсетеді.   

«Астана Опера» театрының жетекші солисттері Дина Хамзина мен Салтанат Ахметова Карло Феличе театрының труппасымен жұмыс істеп, тәжірибе жинақтау өте қызық екенін атап өтті. 

«Тәжірибе алмасу, итальяндық тілді жаттықтыру, жаңа нәрсені үйрену – бұл өзіңнің кәсіби деңгейіңді жетілдіруге апаратын бірден-бір жол. Италияның Генуя сияқты ғажап қаласының көрермені алдында «Астана Опера» театры атынан өнер көрсетуге мүмкіндік болатынына қуаныштымын», - дейді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина.          

Алмасып өнер көрсету қазақстандық әртістер үшін де, итальяндық театр үшін де маңызды. Бұл сонымен қатар екі жақтың мәдени қарым-қатынасын бекіте түседі. Джузеппе Акуавива  «Астана Опера» төрінде тұсауы 2013 жылдың желтоқсанында кесілген  «Ромео мен Джульетта» балеттік спектакліне дирижерлық еткенін естеріңізге сала кетейік. Ал ағымдағы жылдың 3 сәуірінде маэстро елордалық өнер ордасында «Богема» операсының дирижері болды. Біздің балеттік труппа биыл қаңтар айында Карло Феличе  төрінде аты аңызға айналған «Спартак» балетімен және Гала концертпен итальяндықтарды тамсандырып қайтқаны белгілі. Желтоқсан айында әртістер шетелдің атақты сахнасында тағы өнер көрсетіп, «Жаңғақ шаққыш» балеттік спектаклін қояды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды