- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ҰОС ардагерін туған күнімен құттықтады
ШҚО-да ҰОС ардагерін туған күнімен құттықтады
Шығыс Қазақстан облыстық Ақпарат орталығының хабарлауынша, ресми өкілдер 89 жастағы соғыс ардагерін келе жатқан мерейлі жасымен құттықтап, естелікке сыйлық табыс етті.
«Бұл күні Аркатовтардың үйі қонаққа толы болатын. Олардың ішінде ардагердің балалары, немерелері мен шөберелері бар. Ұлы Отан соғысының ардагері ұзақ жылдар бойы майданда болып, Жеңіс күніне дейін Отанын қорғады. 3-ші Беларусь майданындағы ұрыстарға қатысқан ол Кенигсбергті азат ету кезінде жарақат алды. Жауынгердің аяғындағы снарядтың жарқыншағы мен ауыр контузиясы әлі күнге дейін сыр береді»,-делінген хабарламада.
Ал ардагердің отбасы болса, батыр әкелерін мақтан етеді. «Біз үшін ол ең жақсы әке!»,-деді ардагердің қызы.
ҰОС-ның ардагерін қалалық мәслихаттың депутаты А.Урих пен Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілі Ш.Дюсупов құттықтады. Олар ардагерге өздерінің сый-құрметін көрсетіп, алғыс білдірді және денінің саулығын тіледі.
Ал жарқын жүзді соғыс ардагері өзінің егде тартқандығын сезінбейтіндігін білдірді, сонымен қатар ол би билеп, баян тартып, ауладағы бақты күтімімен айналысады. Алайда, соғыс кезіндегі қиындықтарды ардагер көзіне жас ала отырып, еске алады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚХР-ның ҚР-дағы елшісі Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жасымен құттықтады -
Елорда күніне және Елбасының туған күніне орай жеделхаттар келіп түсуде -
Анар Жайылғанова журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды -
Аида Балаева журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Трамп Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтады -
Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады