- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Ә.Құсайынов Қызылорда медициналық колледжінің қызметкерлерімен кездесті
Кандидат Ә.Құсайынов Қызылорда медициналық колледжінің қызметкерлерімен кездесті
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов колледждің қызметкерлері мен оқытушыларын өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, әлемде ХХ және ХХІ ғасырдың басында басталған экономикалық өсім қоршаған табиғи ортаның мүмкіндіктері мен ол көтере алатын шектеулі шаруашылық салмақты ескермей жүзеге асты.
Салдарынан қоршаған орта құлдырап, бірқатар экологиялық түйткілдер туындатты.
Табиғи қоршаған ортаның құлдырауына мысал ретінде Ә.Құсайынов табиғат қорын тиімсіз пайдаланудан туындаған жер ресурстарының жұтаңдануын атап өтті.
Топырақтың құнарсыздануы салдарынан жыл сайын әлемдік ауылшаруашылық айналымында 7 млн-ға жуық құнарлы жер жарамсызданып жатыр. Оның басты себебі, күн сайын артып жатқан урбанизация, су және жел эрозиясы, сонымен қатар химиялық (ауыр металлдармен, химиялық қоспалармен ластануы) және физикалық (тау-кен, құрылыс және басқа да өндірістің салдарынан топырақтың құнарсыздануы) құлдырау.
Осы және басқа да экологиялық проблемалардың тез арада шешімін табу – адамның басты міндеті, бұл – оның алдағы тұрмыс-тіршілігі мен сәтті дамуының негізгі кепілі.
Ә.Құсайыновтың айтуынша, адам мен табиғат әрекеттестігінің өз ерекшеліктері бар. Адамға сана берілді, сол арқылы ол табиғатта алатын орнын түсініп, Жер шарындағы өз міндетін айқындауға мүмкіндік алды.
Бүгінде адам баласы жалпы ғаламдық экологиялық дамуды бақылау міндетін өзі атқаруға қауқарлы.
Сонымен қатар, Ә.Құсайынов экологиялық-ағартушылық жұмыстарға да үлкен мән береді.
«Біз экология туралы білімді, қауіпсіз және экологиялық таза тіршілік қағидаларын, табиғатты және айналамызды қоршаған ортаны аялау және сақтау туралы ілімдерді санамызға сіңіре білуіміз қажет», - деп атап өтті өз баяндамасында Ә.Құсайынов.
Сондай-ақ медициналық колледж ұжымымен кездесу барысында Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйледі.
Р.Жоламан республикалық штаб жұмысы жайында баяндап, алдағы уақытқа арналған жоспарларымен таныстырды.
Р.Жоламанның айтуынша, аймақта болып, сайлаушылармен, аймақтық штабтың сенімді тұлғаларымен және мүшелерімен кездесу өткізетін болады.
«ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов экология мен биологиялық әртүрлілікті сақтаудың ең маңызды мәселелеріне назар аудартпақ», - деді Р.Жоламан.
Кездесу барысында ұжымның алдында, сонымен қатар, Қызылорда облысындағы аймақтық штабтың жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов сөз сөйлеп, аймақтық штабтың алдағы жоспарын баяндады және жұмысымен таныстырды.
Ж.Тұсмағанбетовтің айтуынша, штаб жоспарлы режимде жұмыс істеп жатыр, сенімді тұлғалармен жұмыс жүргізіліп, үгіт-насихат материалдары заңға сәйкес орналастырылуда.
Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын үлестіруде.
Шығыс Қазақстан облысында үгіт-насихат материалдарын ілуге арналған 33 нүктеге 4 мың үнпарақ орналастыру көзделген.
«Штаб қызметкерлері ақпараттық-насихаттық материалдарды арнайы белгіленген жерлерге ілуде. Ондай орындар барлық қалаларда, аудан және ауылдық округтерде бар. Орналастырып, апта сайын тексеріп отырады. Сондай-ақ олар жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастырады. Үйден үйге деген жақсы акция бар. Кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын үйді-үйлерге барып түсіндіреміз», - деді Президенттікке үміткер Ә.Құсайыновтың Шығыс Қазақстан облысындағы аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Назгүл Ахметқалиева.
ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың Өскемен қаласындағы сенімді тұлғасы Марина Тарасенко Өскемен қаласының жұртшылығы сайлау науқанына қатысты азаматтық белсенділік танытып отырғанын атап өтті.
Қостанай облысында аймақтың 30-ға жуық белсенді азаматы күн сайын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Олар жергілікті халыққа экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау қағидаларына негізделген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын түсіндірумен айналысады. Әбілғазы Құсайынов өз бағдарламасында өнеркәсіптік қалдықтармен күрес және жаһандық экология проблемаларына үлкен маңыз береді.
ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың Қостанай облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Бауыржан Тибеевтің айтуынша, үгіт жұмыстары тек облыс орталығын ғана емес, сондай-ақ аудан орталықтарын да қамтып отыр.
Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде.
ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы сайлауалды штабының сайлау науқаны бойынша міндеттері айқындалды.
Үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бағдарламасы «жасыл вектор» негізіне сүйенген Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары насихат материалдарын таратып, үнпарақтарды көшелерге ілуде.
Батыс Қазақстан облысындағы штаб өз жұмысын 16 наурызда бастады. 16 сенімді тұлғаның 4-еуі үгіт жұмыстарын Орал қаласында жүргізіп жатыр. Қалғандары – аудандар бойынша. Кандидатты қолдау үшін мұндағылар 7 мың қол жинап берді. Штаттағылар негізгі электораты өнеркәсіптегілер мен бизнесмендер деп санайды.
ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың Батыс Қазақстан облысындағы штабының жетекшісі Айдос Себеповтың айтуынша, штаб қызметкерлері үгіт-насихат науқанына 26 наурыздан бастап кірісті.
Арнайы материалдар әзірлеп, қалаларға тараттық. Үгіт-насихат жұмыстары барлық аудандарда жүріп жатыр. Үгіт материалдары қызметкерлерге жөнелтіліп, олар оны жергілікті тұрғындарға түсіндіріп, кездесулер ұйымдастыруда.
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы баяндап, үгіт-насихат материалдарын үлестірумен айналысуда.
Қызылорда облысындағы штаб қызметкерлері өз жұмыстарында ешқандай кедергі сезініп отырған жоқ. Бәрі жоспарға сай, қаржылық және уақыттық шектеусіз жүріп жатыр.
Тек Қызылорда облысындағы штабтың өзінде 11 сенімді тұлға белсенді жұмыс атқарып жатыр. Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды тұғырнамасын түсіндіруден бөлек, штаб қызметкерлері Президенттікке үміткердің билбордтарының барлық жерде орналастырылғанын жіті бақылауда ұстайды.
Қызылорда облысындағы штаб жетекшісі Жандос Тұсмағамбетовтің айтуынша, облыстық штабтың құрамында 11 сенімді тұлға бар. Олар өз жұмыстарын бекітілген заңға, ереже мен талаптарға сәйкес орындауда. Жұмыстар қалада және жалпы облыс бойынша қызу жүріп жатыр. Үгіт-насихат науқаны басталғалы бері үнпарақтар таратылып, билбордтар ілінді.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды