- Басты
- Жаңалықтар
- Кандидат Т.Сыздықов Астанада «Тұран» университетінің студенттерімен кездесті
Кандидат Т.Сыздықов Астанада «Тұран» университетінің студенттерімен кездесті
Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі.
Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған.
Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз», - деді Тұрғын Сыздықов.
ҚР Президенттігіне кандидат, партияның батыс мәдениетінің теріс ықпалы мен оның стандарттарына аса көңіл бөлетіндігін хабарлады.
«Батыс өркениеті жалпыадамзаттық құндылықтардың құлдырауынан туындаған мәдени дағдырысты кешіруде.
Техникалық жетістік пен ақпараттық революциялардың нәтижесінде батыс елдерінің тұрғындары ұлттық тұтастығын, негізгі дәстүрлі құндылықтарына деген сенімдерін жоғалтуда.
Адамгершілік, қайырымдылық, сенім, бірізділікті жоғалтудың аз ақ алдында тұрған адамдар жеке басының өсуі мен дамуына көңіл аудармайды. Сонымен қатар, олар бұқаралық тұтынушыларға арналған медиа-өнімдерді автоматты түрде қолданатын механикалық роботтарға айналады», - деді Т.Сыздықов.
Кандидаттың пікірінше, «батыс адамының барлық әрекеттері тек өзінің жағдайын жасауға ғана бағытталған. Адам әлеуметтен тыс, шығармашылық және тиімді еңбекке ұйымдаса алмайтындығы бұрыннан белгілі бола тұра, қоғам ағымнан тысқары қалуда.
Батыстық адам кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартып байлыққа кенелгісі келеді. Кез келген әдіспен. Бұл сайыста нағыз ымырасыз және дүниеқоңыз адамдар жеңіске жетеді».
«Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Қалғандары сабырлықты есірткі заттарынан, алкогольден, интернет-шындықтарынан, ызаға толы фильмдерден, компьютерлік ойындардан, фаст-фудтан және генді-модификациялық өнімдерден іздейді. Бұл өнімдердің кез-келгені адам денсаулығына есірткідей әсер етіп, адам ағзасының күйреуіне бой алдыруына және үнемі күйзелістікке әкеледі», - деді Т.Сыздықов.
Мұндай жағдайлардың барлығы бұрын адамзатқа белгісіз болған түрлі генетикалық және психикалық жаңа аурулардың көбеюіне алып келді.
Кандидаттың өкілі А.Қоңыров фаст-фудтың теріс салдары туралы: «Барлық батыс елдері дұрыс өмір салтын қолданбау, тамақтану мәдениетін ұстанбау және фаст-фудтың кесірінен семіздік, жүрек-қантамыр аурулары, қандағы қант деңгейінің өсуі, есту, көру, қол-аяқ жұмысының бұзылуы сынды денсаулық ақауларынан зардап шегіп отыр. Әрбір гамбургердің құрамындағы қатерлі және белгісіз токсинді заттар трансмайлар – канцерогендер түрлі қатерлі ісік ауруларына шалдықтырып, адам ағзасын бой алдыртып және біртіндеп улауда.
Тұтастай алғанда, фаст-фуд секілді тез дайындалатын өнімдер, газды сусындар – медиа жарнамалардың арқасында әлемге тез таралып кетті.
Мұндай тағамдарды сатып алатын және қолданатын әлемнің барлық адамдары, әсіресе жастар батыстық корпорациялардың пайдасы үшін өз денсаулықтарын және өмірлерін қатерге тігуде.
Сондықтан батыстық ірі тағам өндірушілері өздерінің тез дайындалатын тағамдарының құрамын қатаң құпияда сақтауда.
Егер олардың тұтынушылары – қарапайым адамдар, фаст-фуд өндірісінде қолданылатын тиым салынған әдістер мен қоспалар туралы білетін болса, олардан бас тартар еді».
«Осылайша, біздің сайлауалды тұғырнамамыз батыстық жалған мәдени құндылықтардан бас тартуға негізделген.
Қазақстан халқы біздің ұстанымдарымызды қолдайды деп үміттенеміз!», - деді Тұрғын Сыздықов.
Сондай-ақ, Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Қостанай облысындағы сайлауалды штабы атқарылған шаралары туралы айтып берді.
«Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов насихат поезы аясында біздің аймақта болып өзінің сайлауалды тұғырнамасының бағыттарымен сайлаушыларды таныстырды. Соның ішінде «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы және «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымдарының өкілдерімен кездесті», - деп хабарлайды партияның облыстық комитетінің жетекшісі А.Әлімбаев.
«Марксизм коммунистер үшін – қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет» - кандидаттың баяндамасына сүйене отырып бөлісті А.Әлімбаев.
«Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда. Адамның психикасы мен денсаулағына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар», - деп атап өтті өз сөзінде А.Әлімбаев.
Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді.
Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Толықтай алғанда біздің кандидатымыздың кездесулері сәтті өтті деп санайды кандидаттың аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі А.Әлімбаев.
Кандидаттың сенімді тұлғасы Е.Майканов, жалпы алғанда кандидаттың сайлауалды насихат жұмыстары кезінде ешқандай келеңсіздік болмады. Біздер орталық комитеттен келіп түскен барлық үгіт-насихат материалдарын белгіленген орындарға орналастырдық. Сонымен қатар партия іс шараларын бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруда келеңсіздіктер болмады.
Өз жұмыстары туралы кандидаттың Солтүстік Қазақстан сайлауалды штабының жетекшісі С.Мартемьянов айтып берді.
Оның хабарлауынша кандидат Т.Сыздықов Петропавл қаласындағы «МұнайМаш» ЖШС және Мәмлүт ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат марксизм-ленинизм қағидаттарының ескірмеген және өзекті бағыттарымен таныстырды.
С.Мартемьянов, аймақтық сайлауалды штабтың насихат жұмыстары кандидаттың сайлаушыларымен кездесуін ұйымдастырумен ғана шектелмейтіндігі туралы айтып берді. Штаб жұмысшылары аудан тұрғындарымен, БАҚ журналистерімен кездесулер ұйымдастырады. Штаб жетекшісі әлеуметтік желілердегі жұмыстарға да тоқталып өтті: «Әлеуметтік желілерді кеңінен қолданудамыз. Дайындаған барлық материалдарымызды ресми сайтқа және әлеуметтік желілерге орналастырудамыз», - деді ол.
Кандидаттың сенімді тұлғасы сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарына тоқталды.
-
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды -
Қазақстанның халық партиясы сайлауға қатысатын кандидаттар тізімін жариялады -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті