- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын қолдайды
БҰҰ Қазақстан Президентінің халықаралық бастамаларын қолдайды
Тағайындалуына орай дипломатты құттықтаған Сенат Төрағасы М.Енчаның БҰҰ Превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы лауазымындағы жемісті қызметін атап өтті. «Орталық Азия жөніндегі бай тәжірибеңіз бен біліміңіз Сіздің бұдан былайғы жауапты жұмысыңызда пайдалы болатыны күмәнсіз», - деді Қ.Тоқаев.
Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ерекше рөлін атап өткен М.Енча БҰҰ Бас хатшысы ядролық қарусыздану және оны таратпау үдерістеріне Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың үлесін жоғары бағалады.
БҰҰ қызметкерінің пікірінше, Азия құрлығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру туралы Қазақстан Президентінің бастамасы маңызды болып табылады. М.Енча Азиядағы сенім және ынтымақтастық шараларын нығайтудың іс жүзіндегі тетіктері әзірленген АӨСШК-нің Шанхайдағы 4 саммитінің нәтижелерін оң бағалады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаев жүздесушіні биылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге әзірлік туралы хабардар етті және осы келелі форумға Мемлекет басшысының шақыруымен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәртебелі мейман ретінде қатысуының ерекше маңыздылығын атап өтті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін шақыру туралы біздің еліміздің Мемлекет басшысының бастамасын жоғары бағалаған М.Енча Қазақстан Президентінің V Съезге шақыруына орай БҰҰ Бас хатшысының ризашылығын жеткізді. «Діни экстремизмге байланысты өзекті мәселелер шиеленісе түскен қазіргі заманда бұл форум ерекше маңызды. Сондықтан Съездің маңызы зор, оны шақыру туралы бастама уақыт талабына сай және қажет», - деді М.Енча. Оның айтуынша, БҰҰ басшысы V Съезге қатысуды жоспарлап отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді