- Басты
- Жаңалықтар
- Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның медұйымдары азаматтарды шұғыл диагностикалаудан өткізуде
Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстанның медұйымдары азаматтарды шұғыл диагностикалаудан өткізуде
МСАК ұйымдарында әртүрлі аурулардың және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі денсаулық мектептері жұмыстарын жандандыруда. Халық көп шоғырланған жерлерде әлеуметтік маңызды аурулардың алдын-алу, қауіп-қатер факторлары және салауатты өмір салтының әртүрлі аспектілері бойынша мамандардың кеңестерімен медицина қалашықтарының жұмысы ұйымдастырылуда. Білім беру ұйымдарында флешмобтар, дебаттар, көңілді алғырлар клубтары, спорттық, мәдени-көңіл көтеретін іс-шаралар өтуде.
Мемлекет Басшысы «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, «салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады»,- деп атап өткенін естеріңізге саламыз.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірі бойынша, денсаулықтың 50-55%-ы адамның өмір салтына, 20-23%-ы тұқымқуалаушылыққа, 20-25%-ы қоршаған ортаға (экологияға), 8-12%-ы ұлттық денсаулық сақтау саласының жұмысына байланысты. Осы тұрғыдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларымен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған басты ұсыныстар қалыптастырылды»,- делінген хабарламада.
Бірінші кезекте, ол тағамда жануар майын аз тұтыну, тұзды, қантты тұтынуды шектеу, барлық өндіруші тізбегін қамтамасыз етумен азық-түліктердің қауіпсіздігін сақтау, азық-түліктерді таза жерде сақтау, жылумен өңделетін азық-түліктерді шикі азық-түліктерден бөлек сақтау, қауіпсіз су тұтыну, алкогольді ішімдіктерді тұтынуды шектеу, дұрыс дене салмағын ұстау, үнемі жаттығу жасау және күйзеліс деңгейін төмендету.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шеңберінде өткізілген шаралар азаматтардың туылғаннан қарттық жасқа дейін өз денсаулығын сақтау мен нығайтуға жауапкершілігін арттыруға, өмір сүру сапасын арттыруға және ұзақ өмір сүруге ықпал ететін салауатты өмір салтын, денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары