Қазақстанда 2015 жылдың соңына дейін 100-ге жуық постамат орнатады

7 Сәуір, 2015 13:07
2015 жылдың соңына дейiн елiмiздегi постаматтар саны 100-ге жеткiзiледi, деді Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

«Постаматтар – бұл арнайы автоматтандырылған пошта станциялары, ол пошта операторымен қарым-қатынасты жеңiлдетуге арналған. Егер мысал келтiретiн болсақ, бұрын адамдар жалақыны кассадан алатын болса, қазiр банкоматты пайдаланады. Пошта бөлiмшелерiне бармай, үйiнiң жанындағы постаматқа жүгiнедi», - дедi Б.Мусин. 

Поштада да осы тәрiздi жағдай орын алады, көп ұзамай азаматтар постаматтар арқылы сәлемдемелерiн алатын болады.

« «Қазпоштаның» басқарма төрағасы атап өткендей, биылғы жылдың соңына дейiн бұл қондырғылардың саны 100-ге жеткiзiледi. Бүгiнгi күнi постаматтарды пайдаланудың 30 пайыздық өсiмi байқалады», - деді ол.

Айта кетейік, тұңғыш постамат 2014 жылдың екінші жартысында Алматы қаласында пайда болады.

 

 

Барлық жаңалықтар