Ақмола облысында КҚО ашылды

7 Сәуір, 2015 15:37
Шортанды ауданында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды, орталық кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен заңды білуі бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

КҚО әкімдікпен  бірігіп жасаған меморган қызметкерлерінің  кестесі бойынша жұмыс жүргізеді – «Жер қатынастары бойынша бөлім» ММ, «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Құрылыс бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту» ММ, «Тұтынушылардың құқығын қорғау» ММ, «Шортанды несие» Несиелік серіктестігі, «Алдияр несие» ММО. ««Қазагромаркетинг» АҚ  АӨК саласындағы субъектілерді  субсидиялау бойынша кеңес береді», - делінген хабарламада.

Барлық қызмет тегіңн  көрсетіледі, сондай-ақ, кәсіпкерлерге бизнестің негізін үйрету бойынша  кәсіпкерлер мектебі ашылды.

Барлық жаңалықтар