• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астананың индустриалды паркінің аймағында жыл соңына дейін 6 жоба іске қосылады – Ә.Жақсыбеков

Астананың индустриалды паркінің аймағында жыл соңына дейін 6 жоба іске қосылады – Ә.Жақсыбеков

7 Сәуір, 2015 12:17
Астананың индустриялық паркінің аймағында 2015 жылдың соңына дейiн 6 жоба iске қосылады, деп хабарлады Астана қаласының әкiмi Әдiлбек Жақсыбеков елордалық кәсiпкерлер конференциясының барысында.

«Бүгінгі таңда елордада көптеген маңызды индустриалды-инновациялық жобалар бар. Бұған «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы оң ықпал етуде. Индустриалды парк аймағында инвестициясы 147 миллиард теңге болатын 54 жоба жүзеге асырылуда. Олардың 21-і іске қосылып үлгерді. 17 нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, 16-ы жобалануда»,-деді Ә.Жақсыбеков.  

Қала кәсіпорындары осы кезең аралығында 336,9 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 29,7 миллиард теңге салық төленді. «Жыл соңына дейін құны 29,1 миллиард теңге болатын 6 жобаны іске қосу жоспарда бар»,-деді әкім.

Сонымен қатар, ол «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 10 мыңға жуық кәсіпкер қамтылғандығын атап өтті. «Бағдарламаның аясында құны 75 миллиард теңгенің 432 жобасы мақұлданды. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 8 мыңнан астам бұрын бар жұмыс орындары сақталып, 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды»,-деді қала басшысы.  

Камила Амирова

 

Барлық жаңалықтар