- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде Ресей мен Қазақстан тәжірибесі негізінде этносаралық қарым-қатынастар талқыланды
Мәскеуде Ресей мен Қазақстан тәжірибесі негізінде этносаралық қарым-қатынастар талқыланды
Бұрыңғы Кеңес одағына мүше елдерінің арасында Қазақстан мен Ресей этникалық құрамы бойынша ең күрделі мемлекеттер болып саналады. Осы орайда, екі елде мемлекеттік ұлттық саясатын іске асыруына қоғамдық құрылымдар, яғни Қазақстан халқы ассамблеясы және Ресей халықтар ассамблеясы белсенді қатысып отырғанын атап өту қажет.
Қатысушылар ТМД кеңістігендегі елдердің ұлттық саясаттары ерекшеліктерін қарап өтіп, этно- және дінаралық ынтымақты сақтау мәселесінде екі елдің тәжірибелерін талдап шықты, және ағымдағы қауып-қатерлердің қазіргі қалыптасып жатқан саяси-әлеуметтік үдерістерге ықпал ету деңгейін айқындауға тырысты.
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары (ҚХА) Анатолий Башмаков өз кезегінде әлемдік тарихта соңғы уақытқа дейін ұлттық мәселесін тек екі жолмен шешуге мүмкін болатын: Еуропа елдерінде кең тараған «мультикультурализм» тәжірибесі бейнесінде секілді барлық этностар бір «қазан ішінде» араласатын, немесе елдің атауын берген ұлтқа басымдық берілетін. «Қазақстан болса, өз көп ұлтты халқын белгілі үлгілерге тықпай, ерекше үлгісін қалыптастырды. Осымен, ұлттардың алуан тірлігі жойылмай, керісінше көп ұлттық Қазақстан халқы бірлестігінің рухани негізіне айналды. Барлығымыз өзімізді бір елдің азаматтары болып сезінеміз, сонымен де өз тарихи түптерімізді, ұлттық ерекшеліктерімізді және тілімізді ұмытпауға тырысамыз», - деп айтты А.Башмаков.
Халықаралық түркі академиясының сарапшысы Тимур Козыревтың айтуынша, этноаралық ынтымақтың қазақстандық үлгісі - болашақта қауыпты нәрселер көпшілікке шығармайтын төзімді мінез-құлықтың ерекше мәдениетінің қалыптасқандығында болуда. Қазақстанда өзге елдерге қарағанда аталмыш төзімді мінез-құлықтың мәдениеті жұрттың барлығына таралып, түрлі этникалық пен әлеуметтік топтарымен қабылданған. Осының арқасында қазақстан қоғамы этноаралық дағдарыстарға қарсы жоғары иммунитетке ие болып отыр. Бұған күмән келтіргендер осы феномен кеңес одағының жетістіктерінен пайда болып отыр дейді. Алайда, бұл көзқарас түпкілікті орынсыз, себебі кеңес одағының жетістіктері оған мүше болған барлық елдерге ортақ, ал Қазақстандағы бар иммунитет басқа ТМД елдерінде байқалған емес.
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстандағы іске асырылып жатқан этноаралық мемлекеттік саясат ел қоғамында ұлт және дін мәселелері бойынша төзімділік пен ынтымақты көрсету мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік берді дегенмен бірауыздан келісті. Осы тәжірибе өзге де шетелдік және ТМД мемлекеттеріне практика тұрғысынан пайдалы екені туралы көп айтылды.
«Сонымен қатар, сарапшылар алдағы президенттік сайлау тақырыбына қатысты тоқталып, әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық және дінаралық ынтымақ саласындағы Қазақстанда қол жеткізілген оң нәтижелер арқасында елде ішкісаяси ахуалдың тұрақтылығына еш нәрсе қауәп төндірмейді деді», - делінген хабарламада.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды