- Басты
- Жаңалықтар
- «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік міндетті орындау әзірлігі тексерілді (Фото)
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында жауынгерлік міндетті орындау әзірлігі тексерілді (Фото)
Тексерудің басты мақсаты – әскери бөлімге жүктелген жауынгерлік міндетті орындау қабілетін тексеру. Осы орайда тексеруге жеке құрамнан 500-ге жуық адам және 200 бірлік техника тартылды. Іс-шара барысында негізгі оқыту пәндері, олардың ішінде тактикалық даярлықтан, Макаров пистолеті мен АК-74 автоматынан іс жүзінде ату арқылы атыс даярлынан офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің білімі тексерілді.
«Сонымен қатар жауынгерлік техникамен 400 шақырымға созылған марш жасалды. Бұдан басқа, басқару батареясы мен зымыранды дивизионның әскери қызметшілері жауынгерлік міндеттерге сәйкес іс-шараларды орындады. Батареялармен байланыс орнатылып, әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы «шартты» өрт сөндіру қимылдарын пысықтады», - делінген хабарламада.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36803 әскери бөліміне «өте жақсы» деген баға беріліп, жауынгерлік міндетті орындауға қабілетті деп танылғанын атап өткен жөн. Тексеру нәтижесі бойынша ҚМ Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражановтың басшылығымен өткен тексеру нәтижелері бойынша 3 сыныпты сержант Айдос Секбаев, аға сержант Дәмір Қажыбек, сержант Ермак Махметов және кіші сержант Маулида Аппузовалар жақсы жағынан атап өтілді.
-
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Тегін медициналық көмек алу үшін ӘМСҚ-на жарна төлеу міндетті ме -
5 жасқа толмаған балаларға маска кию міндетті емес -
Қ.Тоқаев: Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті -
Президенттің тапсырмасын орындау үшін меморгандардың жауапкершілігін арттыру қажет - Л.Рамазанова