- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында Көксу қант зауыты биылғы жылдың қазанында жұмысқа кіріседі
Алматы облысында Көксу қант зауыты биылғы жылдың қазанында жұмысқа кіріседі
Оның тиімді жұмыс істеуі үшін жүз мың тонна көлемінде қант қызылшасы қажет. Бұл шаруашылықтарға облыс әкімдігі «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жан-жақты қолдау шараларын көрсетеді.
Зауытты іске қосудың дайындық жұмыстары барысымен облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров танысты. Өндірістік цехтарды аралап, жөндеу жұмыстарын көрді. Ішкі құрылғыларды жөндеу мамыр айында басталады, ал қазіргі кезде техника ретке келтірілуде, мазут шаруашылығы бүгінгі күнге дайын.
Кәсіпорынның жобалық қуаты тәулігіне 1 500 тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы екенін және осы межені орындауға зауыт бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Бүгінгі күні зауыт шаруа қожалықтарымен белсенді түрде келісімшартқа отыруда.
Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша «Жетісу» ӘКК қант қызылшасын себетін аудандардың шаруаларын тұқымымен қамтамасыз етеді. Тұқым келісімшарт негізінде, алдын ала төлемсіз беріледі, шаруалар өнімдерін жинап алғаннан кейін желтоқсан айында толық есептесуіне болады. Ннарықтағы ең өнімді, аязға және шөлге шыдамды тұқым Ескелді, Көксу, Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандарының шаруа қожалықтарына сәуір айының ортасына дейін берілмек.
Сонымен қатар «Жетісу» ӘКК машина-трактор станцияларын жасақтайтын сервистік-дайындау орталықтарының жүйесін құруға қатысты әлеуметтік жобаны да жүзеге асырады.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция