• Басты
  • 20 жыл бойы мансапқа да, отбасына да үлгеріп келеміз – Г.Бастаубаева
4 Наурыз, 2020 11:33

20 жыл бойы мансапқа да, отбасына да үлгеріп келеміз – Г.Бастаубаева

Маңғыстау облысы ІІД Көші-көн қызметі басқармасының басшысы Гүлшара Бастаубаева Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 20 жылдық қызметтік еңбек жолында мансап пен отбасысын бірге алып келе жатқанын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Strtaegy2050 ақпарат агенттігінің тілшісіне айтып берді.

Г.Бастаубаева айтып өткендей, орта білімді Алматы қаласындағы физика-математика мектебінде алған.

фот.jpg

   «Екі жоғары оқу орнын тәмамдадым. Біріншісі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарихшы-құқықтанушы мамандығы бойынша, одан кейін Академияны заңгер мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды Алматы облысы Жамбыл ауданынан бастаған едім. Кейін Алматы облысының басқармасына ауысып, көші-қон полициясында жұмыс істедім. 2004 жылы жолдасымның қызметі Маңғыстау облысына ауысқандықтан, мен де қызметімді осы өңірде жалғастырдым. Алдымен инспектор лауазымынан бастадым. Кейін аға инспектор болып, 2008 жылдан бастап басқарма орынбасары болдым. 2013 жылдан бастап Маңғыстау облысы ІІД Көші-көн қызметі басқармасының бастығы болып жұмыс істеймін», - деп бөлісті Г.Камелханқызы.

 Гүлшара Камелханқызы мансаптық жолмен қатар отбасылық жолды да бірге алып жүруге болатынын айтты.

 «3 балам бар, 1 қыз, 2 ұлдан 2 немере сүйіп отырмын. 20 жыл болды барлығына үлгеріп жүрміз. Жолдасым да әркез қолдау көрсетіп отырады. Мен жұмыс бойынша үлгермей жатсам, шаруаларға өзі баскөз болады», - деді ол.

 Сондай-ақ, басқарма басшысы келе жатқан көктемнің шуақыт мерекесімен нәзік жандыларды құттықтады.

 «Келе жатқан Әйелдердің халықаралық күнімен елдегі барша әйел қауымын құттықтаймын. Әр еңбектің жемісі бар. Біздің ішкі істер саласында қызмет етіп жүрген әйел азаматшаларды да құттықтаймын. Отбасыларына береке, еңбектеріне жеміс тілеймін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», - деп түйіндеді ол.

пол.jpg

 Айта кетейік, Г. Бастаубаева мемлекетке 20 жыл адал қызметінің нәтижесінде ҚР Ішкі істер министрлігі және Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің «Үздік қызметі үшін» төс белгісімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуді үшін» медалі, алғас хаттардың иегері атанған. Оған қоса I санаттағы тәлімгер.

 

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды