• Басты
  • Екі қазақстандық азаматтан коронавирус табылды – Е.Біртанов
13 Наурыз, 2020 14:41

Екі қазақстандық азаматтан коронавирус табылды – Е.Біртанов

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандық азаматтан коронавирус табылғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


Екі  қазақстандық азаматтан коронавирус табылды  – Е.Біртанов
«Үш айдан бастап, денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті органдар Қазақстан еліне инфекцияны кіргізбеу бойынша шаралар жүзеге асырылып, көп жұмыс жасалды. Өкінішке қарай, бірнеше тексеруден кейін екі қазақстандық азаматта коронавирус табылды. Бүгін Алматыдағы лабораторияда Германиядан келген азаматтардан коронавирус шыққаны расталды. Санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл пациенттер карантиндік стационарға жатқызылды. Қазіргі кезде азаматтардың жағдайы жақсы. Эпидемиологиялық  шалар енгізілуде, оның ішінде изоляция, қажетті ем процедуралар. Қажетті төсекорындар мен дәрі-дәрмек резервтері бар. Барлығы не істейтіндерін біледі», - деді ол.

 Министр бұл қиындықты да халық  жұмыла көтеретініне  сенім білдірді. 

"Біз көп қиындықты бірге жеңдік. Бұл жағдайдан да барлығымыз бірігіп шығамыз деп ойлаймын. Тек қана ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймын", - деді ол. 
Министр айтып өткендей, коронавирус табылған  екі азамат та  Қазақстан азаматтары. 

"Ұшақпен ұшып келген барлық азаматтардың тізімі бізде бар. 24 сағатта азаматтар анықталып, карантинге жеткізілуі керек. Бір ұшақтың  12 азаматы карантинде. Қазір жұмысты жалғастырып жатырмыз. Әрі қарай шектеу шаралары бойынша алгоритм бойынша, медициналық ұйым карантинге өтеді", - деді ол. 

Министр атап өткендей, инфекция жұқтырған екі азамат әйел және еркек. 

"Азаматтар туралы жеке ақпаратты заң бойынша айта алмаймыз. Әйел мен еркек. Бірінші пациент 9-наурызда, екіншісі 12 наурызда келді. 9-наурызда аталған бортпен келген  73 жолаушыны карантиндік нысанға жатқызылады. Олар ауру емес. Бірақ,  14 күнге карантинге жатқызылады. Оларды сараптамадан өткіземіз. Екінші борт: 12 адам мен экипаж мүшелері Алматы қаласында карантинге жабылды. Олардың қандай мақсатпен барғанын анықтап жатырмыз. Қазір ерте келген   азаматтарға қатысты шаралар жүргізіп жатырмыз. Осындай сценарий болатынын болжадық.", - деді ол. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды