- Басты
- Жаңалықтар
- 2,5 мыңға жуық фермерге 70 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді
2,5 мыңға жуық фермерге 70 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді
Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады, 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд. теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% -ы - шағын және орта бизнес өкілдері, деп хабарлайды Strategy2050.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Егіс маусымына дейін фермерлердің айналым қаражатын толтыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдарға салыстырғанда республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге артық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеңілдетілген ставкасы 5% -ға дейін төмендетілді.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерге қарамастан, Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыруды қысқа мерзімде - егіс маусымына дейін аяқтады. Мемлекеттің көмегін 2 405 фермер алды, олардың көпшілігі Түркістан облысындағы шағын шаруалар.
«Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтініш берген фермерлердің 126-сы 100 млн. теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді.
Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы - шағын шаруа қожалықтары. 2085 фермер орташа есеппен 6,1 млн. теңге алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрады. Аграрлық несие корпорациясы шағын фермалардан келіп түскен өтініштердің саны бес жүз артқанын атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қосымша көмек қарастырылғанын атап өткен жөн. Оған өтініштер қабылдау басталып кетті.
Қосымша 100 миллиард теңге де Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Қарыз алушылар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, сондай-ақ, барлық дақылдарды егу үшін қаржыландыру қол жетімді болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді

