«Алтел» желісіндегі абонентттер саны 2 миллионға жетті – Қазақтелеком

7 Сәуір, 2015 12:03
ALTEL 4G:GSM желісіндегі абоненттер саны 2 миллионға жетті. Төртінші буындағы мерейжас абоненті мен бас жүлдені Аса ауылының тұрғыны (Жамбыл облысы) Алтай Саурықов жеңіп алды, деп хабарлайды «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс қызметі.

«Алтел» желісінің екі миллионыншы абонентін қосу - «Қазақтелеком» компаниялар тобы үшін маңызы зор оқиға және бұл кездейсоқ жағдай емес. 4G жобасы іске қосылғалы бері LTE технологиясының 100 пайыз қолдауы негізінде 2 мың 300-ден астам сайт жасалған. Сондай-ақ теңдесі жоқ инновациялық қызметтерді жүзеге асыру мен олардың оңтайлы тарифтік жоспарларын дайындауда ауқымды жұмыстар атқарылды. Біздің клиенттеріміздің таңдауы мен бізге деген сенімі осі сөзіміздің жарқын дәлелі»,-деді «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Сондай-ақ хабарламада көрсеткіштердің жоғарылауына «Қазақтелеком» мен «Алтел» компанияларының бірлескен түрде енгізген «Әмбебап нөмір» (Универсальный номер) қызметінің де аз септігін тигізбегендігі айтылған.    

2014 жылдың 1-қазанынан бастап, «Әмбебап нөмір» қызметін Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Шымкент қалаларының тұрғындары пайдалануда. Бұл қызметтің басты ерекшелігі – ол арқылы ҚР аумағындағы кез-келген қалалық нөмірмен және «Алтел» байланысының өз ішінде ешқандай шектеусіз байланысуға болады және оны қалауы бойынша азаматтар интернет желісі ретінде де пайдалана алады. Ал осы жүйеге енгізілген барлық қызметтер бойынша көрсетілетін бірыңғай техникалық қолдаулар оны Қазақстан нарығында теңдессіз әрі абоненттер үшін өте қолайлы етіп отыр.        

Қ.Есекеевтің сөзінше, биылғы жыл компанияның көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен Алтел қызметін кеңейту бағытындағы стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы шаралардың шешуші кезеңі болады. Бүгінгі таңда өсу қарқынының ерекшелігін ескере келгенде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының өкілдері 2015 жылы абоненттер саны 3 миллионнан асады деп жоспарлап отыр.  

Барлық жаңалықтар