• Басты
  • Жаңалықтар
  • Туристік көпсайыстан өткен Қазақстан чемпионатында ақмолалық спортшылар бірінші орынды жеңіп алды

Туристік көпсайыстан өткен Қазақстан чемпионатында ақмолалық спортшылар бірінші орынды жеңіп алды

8 Сәуір, 2015 10:01
Ақмолалық спортшылар туристік көпсайыстан өткен ҚР чемпионатында бірінші орынды алды, деп хабарлайды «Амола Медиа Орталығы».

Қарағанды облысының аймағында туристік көпсайыстан  ҚР ашық чемпионаты өтті. Жарысқа Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Талдықорған қалаларынан құрамында 104 мүшесі бар 13 команда қатысты.  

Хабарламада айтылғанындай, спорттық бәсекенің басты мақсаты бұқаралық спорттық туризмді дамыту мен насихаттау болып табылады.

Жарыстың бағдарламасында «Жеке командалық», «Техникалық» және «Бақылаушы-туристік бағыт» деген атаумен үш бағыт енгізілді.   

Ақмола облысынан спорттық бәсекеге ересектерден құралған «Фирн» және жасөспірімдерден құралған «5 биіктік» командалары қатысып, жасөспірімдер командасы 2-ші талапты (разряд), ересектер командасы 1-ші талапты орындады.   

Чемпионат жеңімпаздары медаль, мақтау қағаздары мен Қазақстанның спорттық туризм федерациясының құнды сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Барлық жаңалықтар