- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысының құтқарушылары ҰОС ардагеріне барды
Қостанай облысының құтқарушылары ҰОС ардагеріне барды
ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, тоқсан жастағы қарт ана отты жылдарды басынан өткерді. Ол бұл туралы құтқарушыларға әңгімеледі.Анна Тихоновна 1924 жылы Семиозер ауылында туды. 1941 жылы орта мектепті тәмамдады. Сол жылы соғыс басталып, 17 жасар қыз комиссариатқа хат жазып майданға алуын өтінеді. «Мен де құрбыларымнан қалғым келмеді.
Жазған өтінішім 1943 жылғы 18 тамызда орындалып, майданға аттандым. Алдымен мен сияқты қыздардың басын қосып байланыс училищесінде оқытты. Оқыған біздерді 134 жеке байланыс батальоны құрамына жіберді. Мен Бірінші Прибалтийск майданында болдым. Одан әрі Риганы, Шығыс Пруссия, Кенигсбергті, Үшінші Беларуссия майданында Полоцк қаласын жаудан азат етуге қатыстым. 188 жеке жүйелік байланыс батальоны құрамында Жапониямен шайқастым», - деді ардагер әжей.
Ауыр күндерді басынан өткізген Анна Тихоновна Отан алдындағы өз міндетін абыроймен орындап, 1945 жылғы 13 қарашада елге аман-есен оралады. Омырауындағы ордендер мен медальдар оның жауынгерлік ерлігінің куәсі. Майдангер соғыстан кейін жұмысқа белсене араласып, Семиозер халық соты және Құсмұрын балалар интернатында абыройлы қызмет атқарады.
Тоқсан жастағы қария 1979 жылдан бастап құрмет демалысында. Қазіргі уақытта балаларының ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
Құтқарушылар ардагер-әжені келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлық тарту етіп, игі лебіздерін білдірді. Ардагер де өзіне көрсетілген құрмет үшін өрт сөндірушілерге шексіз алғысын айтты.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция