- Басты
- Жаңалықтар
- «Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысының 6 стансасына қызмет көрсетеді (ФОТО)
«Денсаулық» медициналық пойызы Жамбыл облысының 6 стансасына қызмет көрсетеді (ФОТО)
Қазақстан халқы ассамблеясы жылына арналған акция аясында «Менің Қазақстаным», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарымен бір уақытта жұмысын бастаған «Денсаулық» медициналық пойызы әлеуметтік жобаны іске асыруды жалғастыруда. Осы жолы медициналық пойызы Алматы мен Жамбыл облыстарының шалғай жатқан жерлерінен, адамдардың білікті медициналық көмекке кез-келген уақытта қолжеткізе алмайтын стансаларынан өтуде.
Пойызда флюорографиялық аппарат, рентгенді қондырғы, УЗИ аппараты, бір күн ішінде жүрек қан тамыры мен артериялық қан қысымын анықтауға арналған жабдық және урология кабинеті бар. Пойыздағы медициналық бригаданың құрамында жоғары және бірінші біліктілік санатындағы 18 дәрігер жұмыс істейді. Олардың қатарында педиатрлар, кардиологтар, стоматологтар мен хирургтар, және басқа да мамандар бар.
Бүгінгі күні «арнайы құрам» медицина қызметкерлері 1500 адамға диагностика мен медициналық көмек көрсетті.
Медициналық пойыздың Жамбыл облысы аумағындағы жұмыс сапары ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы