- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында чемпионат өтті
Павлодарда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында чемпионат өтті
Павлодар қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер чемпионатына, 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан 246 спортшы қатысты.
Чемпионат 9 турда швейцар жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға, классикада – 1 сағат 30 минут, ал шапшаң ойында – 7 минуттан берілді.
Чемпионаттың ашылу салтанатында Павлодар облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің басшысы – Айнұр Мейрамқызы Қоспақова, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы – Айнұр Абсадыққызы Жақапбаева, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы төрешілер алқасының басшысы – Мейрамқұл Қопабайұлы Ноғайбаев қатысты.
Чемпионаттың бас төрешісі: Жоғарғы Ұлттық дәрежелі төреші – Шарип Кашкенов (Павлодар), бас хатшысы: Ұлттық дәрежедегі төреші – Батырхан Абильбеков (Қостанай) болды.
Барлық медаль саны бойынша ең жоғары көрсеткіштерге Қызылорда облысы (3 алтын, 2 күміс, 5 қола), Батыс Қазақстан облысы (2 алтын, 3 күміс, 1 қола) және Павлодар облысы (2 алтын, 1 күміс) қол жеткізді.
Чемпионаттың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті атынан медаль және дипломдармен, Павлодар облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Павлодар облыстық тоғызқұмалақ Федерациясы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, естелік сыйлар берілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті