- Басты
- Жаңалықтар
- Ғалымдар көне Түркістан қаласының Қазақ хандығының тарихында алатын орнын талқылады
Ғалымдар көне Түркістан қаласының Қазақ хандығының тарихында алатын орнын талқылады
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» жолдауында: «2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» деп ерекше атап көрсетті. Ел тәуелсіздігін баянды да тұғырлы ету, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру мақсатын көздейтін бұл мемлекеттік шараның маңызы аса зор. Елдік сана мен ұлттық идеологиямызды қалыптастырудың ең тиімді де ұтымды жолы.
Конференция жұмысы ұлттық тарихымызды қайта зерделеуде ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын Түркістанның тарихын, Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен оның кесенесін, кесенеде жерленген ата-бабаларымыздың өнегелі жолын насихаттауға арналған.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.
Шара барысында қатысушылар Қазақ хандығы және Түркістан, Қазақстан тарихындағы қала мен дала, Қазақстан аумағындағы көне және ортағасырлық мемлекеттер, қазақ мемлекеттілігі және тұлғалық фактор, Қазақ хандығының тарихы деректер мен зерттеулерде, қазақ даласындағы Ұлттық пантеондар және қазақ даласындағы ғылым-білім ордалары секілді мәселелерді талқылады.
Дәстүрді бекем ұстанған еліміздің игі жақсылары, хан-сұлтандары мен би-батырлары дүниеден өтерінде өздерін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуді ұрпақтарына аманаттап отырды. Бұл биыл 550 жыл толатын Қазақ хандығының тарихындағы Түркістан қаласының алатын орнының ерекше екендігін көрсетеді.
Жалпы халықаралық конференцияға қатысуға 50-ден аса ғылыми мақалалар келіп түсті. Олар арнайы жинақта басылып шығарылатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды