• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері елорданың салық төлеушілерінен Қазақстанның бюджет жүйесіне 165 млрд теңге түсті

Жыл басынан бері елорданың салық төлеушілерінен Қазақстанның бюджет жүйесіне 165 млрд теңге түсті

7 Сәуір, 2015 10:36
2015 жылдың бірінші тоқсанында елорданың салық төлеушілерінен Қазақстанның бюджет жүйесіне 165,8 млрд теңге түсті, деп хабарлады Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мембюджетінің жоспары 2015 жылдың 1 тоқсанында  157,1 млрд теңге  жоспарында 105,6 пайыздық көрсеткіші орындалды. «Бюджетке 165,8  млрд теңге  түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 103,6 пайыз, жергілікті бюджетке – 111,9 пайыз  қаржы түсті», - делінген хабарламада.

Шығындарды орындау бойынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің құзыреті 103,8 пайызды құраса, оның республикалық бюджетке – 101,8 пайызы, жергілікті бюджетке 110,5 пайызы тиесілі.

2014 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 20,7 млрд теңгеге өсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 13,1 млрд теңге қосылса, жергілікті бюджетке  - 7,7 млрд теңгеге көбейді.

 

 

Барлық жаңалықтар