- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жергілікті қамту көлемін арттыру мақсатында 83 меморандумға қол қойылды
Маңғыстау облысында жергілікті қамту көлемін арттыру мақсатында 83 меморандумға қол қойылды
«Бүгінгі таңда индустриалды инфрақұрылым мәселесі мен өнеркәсіп кәсіпорындарының проблемалық мәселелерін шешуге үлкен маңыз берілуде. Осыған қарай аталмыш бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып та үлгерді. Яғни жергілікті қамту көлемін арттыру мен отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында, нақтырақ айтқанда, жергілікті өнім өндірушілерді инвестициялық жобалар мен мемлекеттік тендерлерге қатыстыру үшін ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар арасында 312 миллиард теңгенің 83 меморандумына қол қойылды»,-делінген хабарламада.
Бұл бағытта таратылған ақпараттар бойынша, меморандумдарда көрсетілген талаптарды орындау үшін 282 миллиард теңгенің 226 келісімі жасалған. Өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау мақсатында Үкіметтің биылғы жылдың қаңтарында өткен мәжілісінің хаттамасымен бекітілген 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары орындалуда. Жоспарда Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың қызметіне қатысты 7 іс-шара қарастырылып, оның 3-уі осы уақытта жүзеге асырылып бітті.
Мысалы Ақтау желі зауытын жұмыспен қамтуда облыстың 5 мұнай компаниясымен ынтымақтатасу мақсатында ұзақмерзімді келісімдер жасалып, олардың екеуі нақты келісім-шарттарда көрініс тапты.
Бұған қоса, экономиканың өзге салаларындағы 7 компаниямен метал бөлшектерін жеткізу жөнінде келісім жасалды. «КазАзот» ЖШС жарылғыш зат ретінде амиак селитрасын жеткізіп беру бойынша «Қазақмыс», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, «ERG» сауда үйі» сияқты үш компаниямен келісім жасады. Кәсіпорын үшін 2015 жылдың соңына дейін магистралды темір жол желісінің қызметтерінің тарифтері бойынша уақытша төмендетуші коэфицент бекітілді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет