• Басты
  • Жаңалықтар
  • “NADLoC”индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер өтінімдерін қабылдауды бастады

“NADLoC”индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер өтінімдерін қабылдауды бастады

7 Сәуір, 2015 10:13
“NADLoC”индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер өтінімдерін қабылдауды бастағаны туралы жариялады.

“Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі “NADLoC” акционерлік қоғамы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және заңнамалық тәртіпте бекітілген Қазақстан Республикасы территориясында қолдануға рұқсат етілген және техникалық бақылау жүйесінің мемлекеттік тізіміне енгізілген көпшіліккте танылған халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде индустриалық-инновациялық қызмет субъектілер шығындарының бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдерін қабылдауды бастағаны туралы жариялайды, оның ішінде:

1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты консультациялық қызметтерге;
2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін және сертификаттау сынақтарын жүргізуге;
3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты персонал біліктілігін арттыруға жұмсалған шығындар бойынша жүргізіледі.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысымен бекітілген «Индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы»  (әрі қарай – Ереже) сәйкес,хабарландыру алғашқы жариалау мерзімінен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылады.

.

 

Барлық жаңалықтар