Қазақстанда «Дала қыраны-2015» бітімгершілік оқу-жаттығуы басталды (Фото)

7 Сәуір, 2015 09:57
Алматы облысындағы «Іле» оқу-жаттығу полигонында халықаралық «Дала қыраны-2015» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы бірінші кезеңінің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бірінші кезеңнің ашылу рәсіміне Америка Құрама Штаттарының және Ұлыбританияның, сондай-ақ ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің «Қазбриг» бітімгершілік бригадасының 100-ге жуық әскери қызметшісі қатысты.

Салтанатты рәсімді Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов сөз сөйлеп ашты. Сонымен қатар АҚШ әскери аташесі Эндрю Бериер және Ұлыбританияның өкілі майор Бенжамен Солт құттықтау сөздерін айтты. Естеріңізге сала кетсек, биыл оқу-жаттығу үшінші рет өткізіліп отыр.

Бірінші кезеңі сәуір айының 6-17 аралығында өтсе, ал екінші кезеңі маусым айының 15-26 күндері өтеді. Іс-шараның басты мақсаты Қазақстандық бітімгершілік бригадасының штабы мен Қазақстандық бітімгерлік батальонның БҰҰ бітімгершілік операцияларын жүргізу барысындағы практикалық дағдысын, сондай-ақ қарсылас тараптар арасындағы жанжал жағдайында бітімгерлік іс-қимылдарды орындау кезінде бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін арттыру болып табылады.

Барлық жаңалықтар