• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсартуға бағытталған заңға қол қойды

ҚР Президенті денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсартуға бағытталған заңға қол қойды

6 Сәуір, 2015 18:39
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заң денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді жақсартуға, халық денсаулығын нығайтуға және саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Барлық жаңалықтар