• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан II жартыжылдықта Иран мен БАӘ-ға ТКМ өнімін экспорттауды жоспарлауда

Қазақстан II жартыжылдықта Иран мен БАӘ-ға ТКМ өнімін экспорттауды жоспарлауда

6 Сәуір, 2015 17:18
Қазақстан II жартыжылдықта Иран мен БАӘ-ға ТКМ өнімін экспорттауды жоспарлауда, деді «Республикалық тау-кен металлургия қауымдастығының кәсіпкерлерігі» ЗТБ атқарушы директорының орынбасары Николай Радостовец.

«Бүгінгі таңда біз үшін басымдықта Иран тұр. Біз Иран елі тауар өткізуде барынша ашық болады деп үміттенеміз, барлық санкциялар алынса қолайлы болар еді. Біз Араб әмірлігіне және өзге елдерге өтуді көздеп отырмыз. Бірақ, жаңа нарыққа кіру үшін ол нарықтан біреудің кетуі заңыдылық екенін мойындау керек», - деді Н.Радостовец.

Ол атап өткендей, Қазақстан Ресей, Қытай және Еуропалық мемлекеттермен нақты келісім шарт орнатқан.

«Біз екінші жартыжылдықта экспорт бағытының нақты географиясын көреміз. Нарыққа өту барлық компаниялардың басты мақсаты, себебі жағдай өзгеріске ұшырап тұрады. Біздің өнім Қытайға жақсы экспортталды, 2015 жылы Қытайлық әріптестер барынша консерваторлық бағытты ұстанды», - деді ол.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар