• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Самұрық-Қазына « АҚ-да Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау Комитетінің алғашқы отырысы өтті

«Самұрық-Қазына « АҚ-да Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылау Комитетінің алғашқы отырысы өтті

6 Сәуір, 2015 19:33
«Самұрық-Қазына» АҚ директорлары Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, компаниялар тобындағы трансформация Бағдарламасының барысы туралы есеп қаралды.

Ұлттық компания хабарлағандай, бұл күні алдымен бизнесті трансформациялау Бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі Комитеттің алғашқы отырысы өткізілді. Оған Қор компаниялары тобындағы Бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты негізгі еншілес компаниялардың жетекшілері шақырылған.

Комитет отырысында Бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы есеп тыңдалып, ұлттық компаниялардың жетекшілеріне жүктелген тапсырманы орындау тәртібі мен әрекеттің үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Қазір «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялар негізгі қызметіндегі бизнес-процестерді қайта қарап (реинжиниринг), корпоративтік басқару, мемлекеттік органдармен әрекеттестік және т.б. процестерді жіті саралап жатыр.

 Сондай-ақ, отырыста  компаниялар тобы жұмысының жалпы жинақталған нәтижесі, ірі инвестициялық жобалар, салалық бастамалар мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелері қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы компанияның директорлар Кеңесіне Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған өзара әрекеттестік жөніндегі Келісімді жүзеге асыру  барысын баяндады.

Қор мен еншілес компаниялардың ағымдағы және капиталдық шығындарын азайту қамында қабылданған шараларды ескере отырып, директорлар Кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ даму жоспарына енгізілген түзетулерді бекітіп берді.

 

 

Барлық жаңалықтар