- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 395 мыңға жуық жұмыс орны ашылады
Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 395 мыңға жуық жұмыс орны ашылады
«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында, яғни 2015-2019 жылдар аралығында 395 мың жұмыс орны ашылады. Оның ішінде: тұрақты жұмыспен қамтылатындар 86,9 мың адам, уақытша жұмыс істейтіндер 308,6 мың адам»,-деді министрдің орынбасары.
М.Құсайыновтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру 2019 жылы ішкі жалпы өнімді 2014 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға жеткізеді.
Жалпы алғанда «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан: 2015 жылға 796 миллиард теңге, 2016 жылы 379 миллиард теңге, 2017 жылы 3 миллиард АҚШ долларына сәйкес келетін қаржы жұмсау жоспарлануда.
Халықаралық қаржы институттары есебінен қосымша бөлінетін қаржының индикативті мөлшері 9 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайды.
Бұған қоса бағдарламаны ұлттық компаниялар мен даму институттарының жеке өздерінің қорларынан қаржыландыру құны 240 миллиард теңге болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық өсім мен құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігін айтқан. Бұл-бәсекеге қабілеттілікті, өнімділік пен экономиканың құрылымын жетілдіру, жаңа өнімдер өндіріп қызмет түрлерін көрсету болып табылады.
Жаңа экономикалық саясат Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 11-ші қарашасында халыққа жолдаған «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған Жалпыұлттық жоспарының 4-ші тармағы мен биылғы жылдың 11-ші ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар негізінде 2015-2019 жылдарды қамтитын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның басты мақсаты – ұзақмерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында хаб ұстанымы бойынша тиімді инфрақұрылым қалыптастыру негізінде еліміздің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру болып табылады.
Индира Кауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет