- Басты
- Жаңалықтар
- Құрық портында паромды кешеннің іске асырылуына 32,7 млрд теңге инвестиция жұмсалады (Фото)
Құрық портында паромды кешеннің іске асырылуына 32,7 млрд теңге инвестиция жұмсалады (Фото)
«Құрық портындағы паромды кешен еліміздегі және Маңғыстау облысындағы маңызды көлік-логистикалық жүйені құрайтын кешен болады. Оның құрылысы Каспий өңіріне іргелес орналасқан елдерге, одан кейін Еуропаға жүкті вагоннан түсірмей бірден ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда 2014 жылдың 1 қазаны күні Елбасы бастап берген «Боржақты-Ерсай» теміржолының құрылысы толыққанды жүргізіліп жатыр. Теміржол магистралі арқылы Құрық портының құрылысына қажетті жүктер жеткізіліп отырады. Болашақта теміржол желісінің өзі теңіз мұнай операцияларын қолдайтын маңызды инфрақұрылыстық нысан болады. Теміржол тармағы мен паромды кешен Каспий порты арқылы өтетін Қазақстанның батыс бағытының транзиттік және экспорттық потенциалын күшейтетін ірі жобалардың қатарына кіреді.
«Құрық ауылының жанындағы жағалау алқабының артықшылығы климаттық жағдайдың қолайлылығы, атап айтқанда, айлақтың қатып қалмауы, желдің орындылығы, жеткілікті тереңдік, қаладан жырақ орналасуы, өндіріс қуатының кеңею мүмкіндігі, құрылысқа арналған бос аумақтың болуы, ауыстырып тиейтін өнім шоғырының кеңдігі болып табылады. Жылына 4 млн тонна қуаты бар паромды кешен халық игілігіндегі тауарларды, астық, мұнай өнімдерін, сұйытылған көмірсутекті газды, тыңайтқыштарды, химикаттарды және т.б. ауыстырып тиюге арналған. Құрылыс уақытында 500 жаңа жұмыс орны ашылады, ал пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты штат саны 250 орын болады. Жобаның іске асырылуына жұмсалған инвестиция көлемі 32,7 млрд. теңгені құрайды. Аталмыш жоба облысымыздың дамуының бес стратегиялық бағыты аясында жүзеге асырылып отыр. Ал стратегиялық бағытымызды Елбасы өңірімізге келген өткен жылғы қазан айындағы іссапары кезінде мақұлдаған болатын. Паромды кешен Маңғыстау облысының Қазақстанның оңтүстік-батысындағы өңірлік хаб ретінде біржола құрылуына жол ашады» - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
«Қазақстанның іскер әрі логистикалық хаб ретінде және жаһандық инфроқұрылыстық бірігу жолында, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ тез қарқында еліміздің көлік-логистикалық жүйесінің дамуына қатысты мәселелерді шешіп келеді. «Арқалық-Шұбаркөл», «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желілерінің пайдалануға берілуіне, «Хоргос-Восточные Ворота» ЕЭА дамуына байланысты Қазақстан арқылы Каспий маңы өңірінің көлік инфрақұрылыстық дамуын сәйкесінше талап ететін Еуропа, Иран, және Парсы шығанағы елдеріне Қытайдан жүктерді ауыстырып тиейтін жаңа логистикалық тізбелер ашылады, - деп атап өтті ҚТЖ басшысы Асқар Мамин.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда