- Басты
- Жаңалықтар
- ҚКХП ұсынған кандидат Т. Сыздықов республикалық сайлауалды штабында жиналыс өткізді
ҚКХП ұсынған кандидат Т. Сыздықов республикалық сайлауалды штабында жиналыс өткізді
«Мен Астана, Көкшетау, Петропавл және Қостанай қалаларында студент, оқытушы және өндіріс орындарының өкілдерімен кездестім. Мен оларға, біздің партияның кешегі күнін ой елегінен өткізіп, күрделі кезеңнен ысылып шыққандығын жеткіздім.
Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз», - деді ол.
Сондай-ақ, ол сайлаушыларын мазалап жүрген, коммунистік партия тұғырнамасындағы дәстүрлі ұстанымдар туралы ой бөлісті.
Студенттер мен жұмысшылар біздің ұстанымымыз ескіріп, қазіргі заманның талаптарына жауап бере алмайды деген пікірлерін білдіргенде, мен оларға ғылыми коммунизм классиктерінің сөздері мен тезистерін мысалға келтірдім: «материализм негізіне құрылған марксизмнің күші мен өміршеңдігін тарихи дамудың әрбір қадамы дәлелдеп отыр».
«Батыстың кемшіліктері, әсіресе мәдениет саласында анық байқалады, себебі тұтынушылық сана, көп жағдайда, жеке бастың қамын өмірдің мәні деп қарастырады. Батыстық адам біртіндеп адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді», - деп мәлімдеді Тұрғын Сыздықов.
Сондай-ақ, батыстық мәдениеттің үздік көрінісі мен оның қазіргі заманда адамдар көп еліктейтін мысалдары туралы пікірлер айтылды.
Алматы қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтты.
«Бүгін қалалық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне кандидат Т. Сыздықовты қолдау үшін қала тұрғындарымен іс-шаралар өткізуде», - деді қалалық партия комитетінің жетекшісі Е.Бейсембаев.
Оның маркстік-лениндік идеяларға негізделген сайлауалды тұғырнамасы Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының идеяларын насихаттайды.
Қоғамдық идеалдардың батыстық тұтынушылық стандарттармен алмастырылуы, жастарды жауапсыз «тоғышар тіршілік иесіне» айналдыруы мүмкін.
Тұтынушылыққа деген бетбұрыс жастардың бағдарын өзгертеді. Осы ықпалға көніккендердің өз күшімен жетістікке жетуге деген ықыластары жойылып «дайын асқа тік қасық» қасиет қалыптасады.
Кандидаттың сенімді тұлғасы, ҚКХП мүшесі Ирина Смирнова: «Cайлауалды насихат кезінде партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсеріне баса назар аударатын болады. Қалыптасқан құндылықтарға қарамастан зорлық-зомбылыққа, азғындыққа толы және тез пайда табуды көздейтін киноблокбастерлер мен Интернет материалдары - қазіргі батыстық мәдениеттің өнімдері.
Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды.
Қазіргі заманғы батыс өнері өзінің мазмұнын жоғалтуда және примитивті-эмоционалдық деңгейге дейін түсіп кетті», - деді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады