• Басты
  • Жаңалықтар
  • Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

6 Сәуір, 2015 15:42
Бүгін, 6 сәуір күні ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Алматы облысында болды. Олар бұл аймақта студенттік жастармен, «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА қызметкерлері мен кәсіпкерлермен кездесіп, Ұлт Көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.

Делегаия құрамында - Республикалық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, МЭҰ өкілдері мен шығармашылық топтар мен танымал қоғам қайраткерлері бар.

«Жастар» спорт сарайында Н.Назарбаевтың кандидатурасына қолдау көрсеткен  Талдықорған қаласының 6 мың тұрғыны, Жетісудің еңбек және соғыс ардагерлері мен құрметті азаматтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері,  қоғам және мәдениет қайраткерлері мен спортшылар, студенттік жастар жиналды.

«Біз, қазақстандықтар өте бақытты халықпыз!  Қазақ елінің астында татулық пен бейбітшілікте 100-ден артық ұлт өкілдері бірлікте, татулықта  күн кешіп отыр, ал кей  мемлекет екі ұлттық басын қоса алмай отыр.  Бұл тұрақтылықты сақтағымыз келсе біз барлығымыз бірауыздан Елбасы үшін дауыс беруіміз керек. Күш-бірлікте!», - деді ҚХА мүщесі, Алматы облысының құрметті азаматы Светлана Гаитова.

РҚШ мүшелері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу барысында жастардың барлығы Елбасыны қолдап отырғандығы анықталды.

«Жастар қай дәуірде болмасын елінің үміті ретінде саналды. Қазіргі студенттер – ертеңгі инженерлер, ұстаздар, дәрігерлер. Бүгінде Президент баршамызға үлкен қамқорлық көрсетіп отыр. Ертең біз жауапты қадам жасауымыз керек – Отанымызға қамқорлық көрсетуіміз қажет. Бұл Елбасы еңсеріп отырған өте ауыр тапсырма, ол бізге үлгілі өнеге көрсетіп отыр.  Біз Елбасымен біргеміз, біз Елбасы үшін дауыс береміз», - деді  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  атынан  жас ғалым  Дамир Дигай.

Сондай-ақ, РҚШ мүшелері «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА қызметкерлерімен кездесті. «Қазқұрылыскомпаниясының» бас директоры Әділжан Тұрсұнжанов «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында» ел экономикасының шарықтауы мен инфрақұрылымдық дамуға ерекше назар аударылғандығын атап өтті.

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында  алғашқы «құрғақтағы айлақ» және «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрылысы аяқталады. Өз кезегінде ол елімізге жаңа шетелдік инвестициялардың келуіне ықпал етіп, еліміздің экономикасын нығайтады. «Мен біздің ұжым өкілдерінің бірауыздан Нұрсұлтан Әбішұлын қолдап, дауыс беретіндігіне сенімдімін»,-деді ол

Түстен кейін Республикалық қоғамдық штаб өкілдері Талғар ауданының фермерлерімен кездесті. «Баденко Ю.А.» шаруа қожалығының басшысы Юрий Баденко өзінің «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында сәтті жұмыс жүргізіп, өндіретін өнім көлемін тұрақты көбейтіп келе жатқандығын айтты.   

«Біз субсидиялар мен дотациялар түрінде мемлекеттік қолдауды айқын сезініп отырмыз. Ол кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр деген сөз. Бұл тікелей біздің Президентіміздің еңбегі»,-деді Ю.Баденко.

Алматы облысының тұрғындары бірауыздан Елбасын қолдайтындықтарын айтып, Жетісу халқының түгелдей Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндігіне сенім білдірді.

 

Барлық жаңалықтар