- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мамытбеков Елбасына көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы баяндады
А.Мамытбеков Елбасына көктемгі егіс жұмыстарына дайындық туралы баяндады
А.Мамытбеков министрліктің қазіргі қызметі, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев республика алдында ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды.
«Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржылық жағдайын тәртіпке келтіру керек. Кәсіпорындар осы мақсатқа бөлінген мемлекеттік қаражаттың нәтижесін көрсетуі тиіс. Басымдығы бар тағы бір мәселе – негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету кезіндегі импорталмастыру. Қазіргі уақытта импортталып отырған құс еті, шұжық өнімдері, алма сияқты өнім түрлері бойынша өз өндірісімізді жолға қою қажет. Жалпы, қайта өңдеуді ұлғайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру керек», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізу қажеттігін де атап өтті.
« Күзгі ылғал сіңіру жақсы болды. Топырақ ылғалының жоғары болғаны бір жағынан пайдалы, бірақ көктемде қызылсу мол болады деп болжануда. Бұған тиісті қызметтер дайын болуы керек. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарына айрықша назар аудара отырып, халыққа уақытылы ескерткен жөн», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
А.Мамытбеков көктемгі егістік жұмыстары елдің оңтүстік өңірлерінде басталып кеткенін, солтүстік облыстарда дайындық жүріп жатқанын айтты. Бұл шараларға қажетті техника бар, аграршылар жанар-жағар маймен және республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге көлеміндегі несиелермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ өзге де көздерден қаржыландыру жүзеге асырылуда.
Ауыл шаруашылығы министрі 2013 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 2014 жылы бірінші рет импорттың 6 пайызға, соның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт 10 пайызға төмендегені байқалғанын атап өтті. Жалпы, сырттан әкелінетін ауыл шаруашылығы шикізаты мен өңделген өнімдердің көлемі 4 миллиард долларды құрайды. Соның 1 миллиардқа жуығы еліміз өндіре алмайтын тауарларға тиесілі.
« Біздің мақсат – ел ішінде шығаруға қажетті барлық мүмкіндігі бар өнімдердің өндірісін қамтамасыз ету», – деді А.Мамытбеков.
А.Мамытбеков сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын, соның аясында салық заңнамасына өзгерістер енгізілгенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері