• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенаторлар Қазақстан мен Қытай арасындағы ТЖ алдын алу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарайды

Сенаторлар Қазақстан мен Қытай арасындағы ТЖ алдын алу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді қарайды

6 Сәуір, 2015 17:49
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Бюро отырысын өткізді, онда Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» және соған ілеспе құжат бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын одан әрі пысықтау және қорытынды әзірлеу бойынша жауапты комитет болып белгіленді.

Бюрода сондай-ақ Палатаның 2015 жылғы 9 сәурде болатын отырысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізілді. Сенаторлар: Қазақстан мен Қытай Үкiметтерi арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы; Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы; Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы; мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарайтын болды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым) заң жобалары екінші оқылымда қаралады.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар