Абаттандыру жұмыстарына Ақмола облысы 2,6 миллиард теңге бөлді (ФОТО)

6 Сәуір, 2015 20:41
Абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін Ақмола облысында 2,6 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлады энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Александр Мартыненко облыс әкімі Сергей Кулагинның төрағалығымен өткен аппарат жиынында.

Оның сөзінше, қарастырылған қаржыға Көкшетау қаласындағы Даңқ аллеясын көгалдандырып, қалалық саябақты қайта жөндеп, Жеңіс, Абай, Сәтбаев, Жағалау, көшелеріннің бойын да осы бағыттағы шаралармен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ 3 аула аумақтарын көріктендіріп, 1 мың 500 тал-тарақ отырғызып, 14,8 мың шаршы метр алқапқа гүлзарлар жасалмақ.  

Биылғы жылы жолдар мен жүргіншілер жолдарын, қоршаулар мен дуалдарды жөндеп, кем-кетіктерді реттеу, көшелерді жарықтандырып, саябақтар мен алңқайларды көгалдандыру көзделіп отыр. Сонымен қатар спорт нысандары мен балалар алаңдарын салу да жоспарда бар.  

«Облыс басшысы тазалық жұмыстары мен аулалар мен аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жергілікті тұрғындармен бірлесіп жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол облыс орталығының осы күнгі көрінісіне назар аударып, бірінші кезекте қаланы көріктендіру мәселелеріне көңіл бөлу қажеттігін ескертті»,-делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі.   

Айта кететін мәселе, Ақмола облысында 13-сәуір мен 24-мамыр аралығы елді мекендерді көктемгі абаттандыру, санитарлық тазалық және көгеріштендіру айлығы болып жарияланды.   

 

 

 

Барлық жаңалықтар