- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Жеңістің 70 жылдығына орай ТМД ПАА «Еске алу эстафетасы» өтті (Фото)
Астанада Жеңістің 70 жылдығына орай ТМД ПАА «Еске алу эстафетасы» өтті (Фото)
«Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың патронаттығымен өтіп жатқан ТМД ПАА халықаралық акциясы 11-наурызда Минск қаласында басталған. Одан әрі Бакуде жалғасып, Кишинев, Ереван, Бішкекте, Душанбеде, Мәскеуде салтанатты түрде алау отын жақты. Сол тарихи, дәстүрлі эстафета Қазақстанның елордасына да келіп жетті», - делінген хабарламада.
ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко ТМД ПАА делегациясы өкілдері, Ұлы Отан Соғысының және тыл ардагерлері мен Астана қаласының әскери-патриоттық жұмыстармен айналысатын жастар ұйымдары мүшелерінің алдында сөз сөйледі. «Жеңіс күні – ТМД елдері үшін қасиетті мереке. Бұл ұлы күн әрбір қазақстандықтың жүрегінен ерекше орын алып отыр. Сондықтан біз бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Еске алу эстафетасы» халықаралық акциясын құшақ жая қарсы алудамыз.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тылда еңбек еткендерге айырықша ықыласпен әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсетілгеніне назар аударады. «Бірде-бір ардагер мемлекет назарынан тыс қалмауы керек»,- деді Мәжіліс вице-спикері С.Дьяченко.
Санкт-Петербор қаласы Мәңгілік алауының арнайы капсуласына Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументінен салтанатты түрде Мәңгілік алау отынан тұтатып, эстафетаны жалғастырып алып кетті.
Акция 16-сәуірде Санкт-Петерборда өз мәресіне жетеді. ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттер парламентшілері Таврический сарайында жалын бөлшектерін салтанатты түрде бірыңғай Достастық алауына біріктіріп, «Ленинградты ерлікпен қорғаушылар монументі» - Санкт – Петербор мемлекеттік тарихи мұражайы филиалына табыс етіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті