Ұлттық қордан БЖК-2020 жобаларына 10 млрд теңге бөлінді

6 Сәуір, 2015 13:45
Қазақстанның Ұлттық қорынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 10 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов.

« «Бизнестің жол картасы-2020» жобаларына қажетті инфрақұрылым шараларын өткізу Ұлттық қордың 10 млрд теңгесі арқылы қамтылады», - деді М.Құсайынов.

Вице-министрдің айтуынша, жеке жобалар бойынша тапшы кәсіпкерлік инфрақұрылмдардың орны толтырылады, ол 40 жеке кәсіпкерліктің нысанын іске қосуға мүмкіндік береді.

«Бағдарлама аясында Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының инфрақұрылымы жүргізіледі, ол кең ауқымды кәсіпкерлікті қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар