• Басты
  • М.Құсайынов: Экспортты қолдау мақсатында Ұлттық қордан 50 млрд теңге бөлінеді (ФОТО)
6 Сәуір, 2015 13:18

М.Құсайынов: Экспортты қолдау мақсатында Ұлттық қордан 50 млрд теңге бөлінеді (ФОТО)

2015-2016 жылдары экспортты қолдау мақсатында Ұлттық қордан 50 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов.
М.Құсайынов: Экспортты қолдау мақсатында Ұлттық қордан 50 млрд теңге бөлінеді (ФОТО) | Strategy2050.kz

«2015-2016 жылдары экспортты қолдау мақсатында  даму институттары арқылы Ұлттық қордан 50 млрд теңге бөлінеді», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, ұзақмерзімді жеңіл қаржыландыруды ұсыну экспорттаушыларға  әлеуетті  сатып алушылар арқылы өнімді өткізіп, өңделген өнімді өткізудің жаңа толқынына шығады.

Құсайынов атап өткендей, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау ретінде 2015 жылы Ұлттық қордан  ШОБ субъектілерін және өңдеу өнеркәсібін  несиелеуге 100 млрд теңге бөлінбек.

 «Осы шараларға қоса, 2015-2017 жылдар аралығында ЖҚҰ-дан 155 млрд теңге көлемінде желілік бағыттар тартылды», - деді ол.

ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеу мен және ірі кәсіпкерлікті ЕДБ және даму институттары арқылы инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Қарызгердің пайыздық қойылымы 6 пайыздық көрсеткішпен 10 жылға дейін беріледі.

«Аталмыш несиелеу қорытындысында кәсіпкерлік субъектілері 4 000 жаңа жұмыс орнын ашады, өндірілген өнім әдеттегіден 150 млрд теңгеге өседі», - деді вице-министр.

Индира Қауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды