• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Әскери қызметшілері НАТО штаб-пәтерінде бітімгершілік аясында даярлық мәселесін талқылайды

ҚР Әскери қызметшілері НАТО штаб-пәтерінде бітімгершілік аясында даярлық мәселесін талқылайды

7 Сәуір, 2015 09:07
Қазақстандық әскери қызметшілер Брюссель қаласындағы НАТО-ның штаб-квартирасына барып қайтпақ. Алдағы сапардың мақсаты «Болжау жасау және талдау үдерісі» бағдарламасы аясында еліміздегіалдағы іс-қимыл барысын талқылайтын болады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бұл қарымтасапар болмақ. Жуырда Астанада НАТО мен ҚР Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және ҚР Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің арасындағы келіссөздер аяқталды. Аталған бағдарлама аясындағы Қазқастанның қорғаныс ведоствалары өткізген барлық жұмысты зерттей отырып НАТО мамандары «Қазбригтің» бітімгерлік даярлығының, сондай-ақ ҚР ҚК ҚР ҚК Құрлық әскерлері әскери институтының «Бейбітшілік үшін серіктестік» Оқу орталығының әскери қызметшілер мен ел серіктестерімен ұдайы өткізетін тілдік және бітімгерлік даярлығының дұрыс екінін атап өтті.

Атап айтсақ, Қазақстан 2002 жылдан бері «Болжам жасау және талдау үдерісі» бағдарламасына қатысып келеді. Осы бағдарлама халықаралық деңгейдегі жаттығулар, оқу-жаттығулар мен операцияларды, сонымен қатар әлемді қолдау бойынша операцияларды өткізу үшін жеке мемлкеттерде бар күштер мен құралдарды бағалауға бағытталды. ҚР Қорғаныс министрлігі үшін бағдарламаға 33 мақсат белгіленді.

Солардың ішінде НАТО стандарты бойынша бітімгерлік контингентін даярлау және жабдықтау, әскери қызметшілердің тілдік даярлығы, штабтық офицерлерді оқыту, қалалық жай-күйлергежалпы әскери операцияларды енгізу, дағдарыс оқиғаларының әсер ету мәселелері және басқалары.

 

Барлық жаңалықтар