Қазақстанның АӨК саласын қолдауға қосымша 20 млрд теңге бөлінді

6 Сәуір, 2015 12:33
Қазақстан АӨК-сін қолдауға қосымша 20 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ОКҚ баспасөз отырысында Ұлттық экономика вице-министрі марат Құсайынов.

«2015 жылы АӨК қолдауға  Ұлттық қордың есебінен 20 млрд теңге бағытталды, ол республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны толықтырады», - деді М.Құсайынов.

Оның айтуынша, АӨК субъектілерін қаржылай сауықтырудың несиелік және лизингтік жағдайдың пайыздық қойылымы бағытанда  ҚазАгро холдингі  арқылы 7,0 млрд теңге бағытталды.

«11,5 млрд теңге әкімдіктер мен жергілікті органдарға бағытталатын болады. Сондай-ақ, сиыр, құс ттерінің өндірісін субсидиялауға да бағытталады», - деді ол.

М.Құсайынов атап өткендей, бұл мал шаруашылығы мен құс өсіру саласындағы  кәсіпорындарда жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді, себебі бұл салада  ауыл халқының 12 мыңы қызмет етеді. 

Барлық жаңалықтар