- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2020 жылға қарай желілердің тозу деңгейі 12 пайызға қысқарады
Қазақстанда 2020 жылға қарай желілердің тозу деңгейі 12 пайызға қысқарады
«Коммуналдық желілерді жаңғырту жобалары талапқа сай жүзеге асатын болса, 2020 жылға қарай жылу және сумен қамтамасыз ету жүйелерінің тозу деңгейі 65 пайыздан 53 пайызға дейін азайып, желідегі энергияны жоғалту деңгейі төмендейді. Өз кезегінде ол халыққа жылу мен су жеткізу қызметінің сапасын арттырады»,-деді вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғын-үй коммуналдық жүйесі мен су және жылу желілерін жаңғырту үшін 2015-2016 жылдарға Ұлттық қордан 150 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Одан әрі осы бағытқа жыл сайын 100 миллиард теңгеден бөлініп отыратын болады.
М.Құсайыновтың сөзінше, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту үшін «КЕGОC» акционерлік қоғамының өзінің есебінен «Құрылыс транзиті 500кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жобасы жүзеге асырылады.
«Аталмыш жоба іске қосылған соң Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінің арасында электртарату мүмкіндігі 2100 МВт-қа жетеді (жылына 14 миллиард Квт/с). Аталмыш жоба сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарына электроэнергиясының қосымша ауқымын қазіргіден 4 миллиард кВт/с көп етіп шығарып жіберуге мүмкіндік береді»,-деді М.Құсайнов.
Жаңа экономикалық саясат 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Бағдарламаның басты мақсаты – экономикаға қажетті инфрақұрылымдық каркасты әзірлеу, өңірдегі бизнесте жаңа мүмкіндіктер ашу. Бағдарлама елдің бірыңғай нарығын ашуға бағытталған.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді