• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теңге бөлінеді

2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теңге бөлінеді

6 Сәуір, 2015 12:03
2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теңге бөлінеді, деді ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов.

«2015 жылы Ұлттық қордан индустриалды инфрақұрылымды дамытуға 81 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде Атырау облысындағы «НИНТ» ЕЭА мен Алматы облысындағы «Қорғасы-Шығыс қақпасы» да бар», - деді вице-министр.

Құсайынов атап өткендей, «НИНТ» ЕЭА инфрақұрылым  құрылысының аяқталуы 1,8 трлн теңгені тартуға мүмкіндік береді, ол 5 мың жұмыс орнын құрылысы барысында 1,5 мың  тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

« «Қорғас-Шығыс қақпасы» ЕЭА құрылыс инфрақұрылымы Қорғас арқылы тауар айналымын 8 есе көтеруге мүмкіндік береді, өз кезегінде жүк тасымалын жылына 4 млн-ға арттырады», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қорытындысында 150 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 20 мың жұмыс орны ашылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар