- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің қалыптасу үдерісі реттелетін болады (ФОТО)
Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің қалыптасу үдерісі реттелетін болады (ФОТО)
«Заң жобасы инвестициялық климатты жақсартып, электр энергиясы саласындағы субьектілерді ашық әрі тиімді қарым-қатынастармен қамтамасыз ету, электроэнергетикалық бақылау мен қадағалауды жетілдіру мақсатында дайындалып отыр. Заң жобасының аясында абоненттік төлемдерді енгізу арқылы электр энергиясын беру тарифтерін қалыптастыруды жетілдіру қарастырылуда»,-деді Б.Жақсалиев.
Оның сөзінше, электроэнергетика саласындағы қолданыстағы заң осы саладағы инвестициялық тартымдылықты толық қамтамасыз ете алмай отыр.
«Электр энергиясын тұтыну 2030 жылдары ерекше қарқынмен дамып, жылына 130 миллиард кВт сағаты құрайтын болады. Бұның барлығы да 60 пайызы ескірген қолданыстағы электр стансаларының жағдайына әсер етеді. Жылу электр стансаларының орташа пайдалану мерзімі 28,8 жылды құраса, су электрсансаларынікі 35,7 жыл болып отыр»,-деді вице-министр.
Осылайша, Б.Жақсалиевтің айтуынша, қалыптасқан мәселені шешу үшін энергия өндіретін электр стансалары үшін нақты міндеттемелері бекітілген ұзақмерзімді инвестициялық келісімдер жасау мәселесі ұсынылуда. Сонымен қатар заң жобасына сәйкес, электр энергиясы саласындағы нарықтағы қарым-қатынастардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында нарық кеңесін құру керек.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары