Қазақмыс 2015 жылы өндірісті жаңғыртуға 55 млрд теңге қаржы бөлді

6 Сәуір, 2015 19:48
Қазақмыс 2015 жылы өндірісті жаңғыртуға (қайта өңдеуге) 55 млрд. теңге қаржы бөліп отыр.

Қазақмыс  компаниясы кен  өндіру  жұмыстарын техникамен қайта  жабдықтау  және бар  құралдарды жаңарту, сонымен  қатар корпоративті үлкен  жобаларды іске  асыру  бағытында кең  ауқымдағы бағдарламаны  іске  асыруды  жалғастыруда, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.

2014  жылы қолда  бар техниканы  жаңарту  және  жөндеу  жұмыстарына, кен  өндіріп  жатқан кеніштердегі жөндеу  жұмыстарына  инвестицияның  басым  бөлігі бағытталып  жұмсалды. Өткен  жылы Қарағанды  аймағындағы «Жезқазған кенді аймағында  жүргізілген  барлау  жұмыстарының  соңғы  қорытындысын  шығарудың  бас  жоспары», «Мыстың  алғашқы (қара)  концентратын өңдейтін өндірістік-тәжірибелік  гидрометаллургиялық қондырғының  құрылысы», «(Нұрқазған SMARTкешені» сияқты  ірі  жобаларды іске  асыру  жұмыстары  басталған. Кен өңдеудің  жоғары  сапалы   түріне жету  мақсатында  кен  байыту  фабрикаларына жаңа технологиялық бағамдар  енгізу  үшін ғылыми  институттармен  бірге  жұмыстар  жүргізілуде.Сонымен  қатар  Нұрқазған кенішінде кен майдалау конвейерінің құрылысы,Балқаш  және  Қарағайлы кен  байыту  фабрикаларын реконструкциялау   жұмыстары  аяқталды. Жезқазған  мыс  зауытында  өнім  өндіру  жаңартылды.

Корпорация  2015 жылы  кен  қорын көбейтуге және  өндірісті  реконструкциялауға, кен  өндіруші  кәсіпорынды және энергетика саласын  қолдауға,Балқаш мыс зауытындағы өндіріс орындары  мен  құралдарына ірі  жөндеу  жұмыстарын жүргізуге қосымша 55 млрд теңге көлемінде қаржы  бөлуді  жоспарлауда.

 «Компанияда   геологиялық  барлау  жұмыстарына қосымша  қаржы  бөлу де  көзделген,біз  кен  өндіруші  кәсіпорындарды жаңарту  мен  қолдау бағытында  үнемі  жұмыс  жүргізудеміз.Бұл жұмыс  орындарындағы еңбек  қауіпсіздігін  сақтау  мен  өнім арттыру үшін маңызды.Компания  мамандары  өнім өндіру технологияларын жақсарту,заманауи  жүйелі жұмыс  түрін енгізу жұмыстарын  жүргізуде. Мыстың  бағасының тұрақтанбауы, немесе  төмен  болуы инвестициялық бағдарламаларға әсер етпейді. Кейбір бағдарламаларға түзету енгізгенімізбен,өндірісті қайта жаңғыртуға  қажетті  қаржы  қажет еткенінше бөлініледі» - деп атап көрсетті «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС инвестиция жоспарлау  департаментінің  директоры Марат Қосыбаев.

 

 

Барлық жаңалықтар