• Басты
  • Жаңалықтар
  • Атырау облысында оқытушылар арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін тексеру бойынша байқау өтті

Атырау облысында оқытушылар арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін тексеру бойынша байқау өтті

6 Сәуір, 2015 14:51
«2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша 2014-2016 щаралар жоспары аясында тілдерді дамыту басқармасы « Үздік ұстаз» облыстық байқауын ұйымдастырды.

Облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, аталмыш байқаудың мақсаты оқыту шеберлігін арттыру, қазақ тілін оқвту бойынша әдістемелік инновациялардың қалыптасуы, халықтық педагогиканы дамыту, оқыту тәжірибесін насихаттау. Зиялы шараның тәртібіне сәйкес,  қатысушылар авторлық салалық бағдарламаны дайындау керек еді.

Сондай-ақ, әділқазылар алқасы терминология мен оның тәжірибеде қолданылуын да сынады. Айта кетерлігі, тілдерді дамыту басқармасы жанындағы арнайы комиссия облыстық байқауға 7 адамды іріктеп алды.

Аталмы жарыс 3 кезеңнен тұрды. Таныстыруда қатысушылар міндетті түрде электрондық портфолионы көрсетулері қажет. Екінші кезеңде оқытушыларға таныс емес аудиторияда қазақ тілі пәнен жүргізу керек болса, үшінші кезеңде қатысушы сөзсіз адам мимикасынан не туралы айтып отырғандығын шешу керек болды. Әңгіме Қазақстан мен оның бейбітшілігі туралы өрбіді. 

Барлық жаңалықтар