• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының ауыл шаруашылығына 17,5 миллиард теңге субсидия бөлінді

Қостанай облысының ауыл шаруашылығына 17,5 миллиард теңге субсидия бөлінді

6 Сәуір, 2015 10:49
Қостандайда көктемгі дала жұмыстарын өткізу мәселесіне арналған ауыл шаруашылығы мәжілісінің пленарлық бөлігі өтті, деп хабарлайды әкімдік өкілдері.

Талқылау барысында басты назар облыстың агроөнеркәсіп кешенінің технологиялық, материалдық-техникалық даму мәселесіне аударылды. Қостанай облысындағы 6 мың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші бар болса, олардың тек 60-ның ғана қаржылық жағдайы тұрақты. Яғни олар несиеге арқа сүйеместен дамуда.  

Дегенмен, өткен жылдың дала жұмыстарының нәтижесіне жасалған сараптаулар көптеген кәсіпорындардың қажетті жұмыстарды уақытында аяқтағандығын көрсетіп отыр.  

«Климаттық жағдайларды назарға алмауға болмайды әрине, алайда біз бұл тәуелділіктен құтылуымыз керек. Яғни технологиялық жолмен құтылуымыз керек.  Өткен жылы бізде жағдайдың қиындығына қарамастан егінді уақытында егіп, уақытында жинап, сапалы өнім алған кәсіпорындар болды»,-дейді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов.

 

 

Барлық жаңалықтар