Ақтауда жалпықалалық сенбілік өтті (ФОТО)

6 Сәуір, 2015 10:04
Ақтауда өткен жалпықалалық сенбілікке қаланың 2 мыңнан астам тұрғыны қатысты, деп хабарлайды әкімдік.

Бұл биылғы жылы жасалған алғашқы сенбілік. Қала маңын тазалау жұмыстары 1-шағын аудан мен «Ақбота» саябағында, «Достар» жағажайы мен өнеркәсіп аймағы, 5-ші шағын аудандардың аймақтарын қамтыды. Қаладан 5 мың тоннадан астам түрлі қоқсықтар шығарылды.     

Таратылған ақпараттарға сәйкес, облыс орталығының аймағы бірнеше секторға бөлініп, ондағы жұмыстардың сапасына ұйым, мекеме басшылары мен олардың орынбасарларынан арнайы жауапты адамдар бекітілді. Сондай-ақ тазалық жұмыстарына ондаған жүк тасушы көліктер мен арнайы құрылғылар жұмылдырылды.

«Жалпықалалық сенбілік мұнда дәстүрлі игі шараға айналған. Мұндағы мақсат Ақтаудың әрбір тұрғынының қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына үлес қосып қана қоймай, қаланың бүгінгідей көркем де әсем келбетін қалыптастыру жұмыстарына белсенді атсалыстыру. Тұрғындар  қаланың әсем келбетінің өз қолдарымен жасалып жатқандығын сезінулері керек»,-дейді Ақтау қаласының тұрғыны Светлана Альжанова.

Ақтауда алдағы уақытта сенбілік айына екі реттен өткізілетін болады. Сенбілікті ұйымдастырушылардың жоспарында көшелерді қоқсықтан тазартып, қорыстарды тазалау, ағаш талдарын бұтау, қаланың қоршауларын сырлап, ақтап, тал-тарақ егу жұмыстары бар.      

   

 

 

Барлық жаңалықтар