- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 27,3 мың гектар алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделеді – АШМ
2015 жылы 27,3 мың гектар алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделеді – АШМ
2015 жылы Алматы облысының Көксу ауданында және Жамбыл облысының Жамбыл ауданында 27,3 мың гектарды құрайтын алқаптағы суару жүйелері қайта жөнделеді, деп хабарланды Ауыл шаруашылығы министрлігінен.
«Жыл сайын Алматы және Қызылорда облыстары су тапшылығын сезінуде, бұл жағдай әсіресе судың аз кезінде ерекше күрделенеді. Аталмыш мәселені шешу үшін 2 текше километр су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін ерекше ұсыныстар енгізілуде. Қазіргі таңда Сырдария өзенінде бір бөгет іске қосылып, енді екіншісінің құрылысы жүргізілуде. Тап осындай құрылғылар Іле өзенінде де орналасатын болады», -делінген хабарламада.
Бұған қоса АШМ-нің Су ресурстары комитеті Бүкіләлемдік банк, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарының инвестицияларын тарту мақсатында келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар жаңа тариф саясаты жүргізілуде. Оған сәйкес, тарифтердің жаңа деңгейі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындарды жабатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 мақсатты индикаторлар анықталған, олардың бірі қосымша су ресурстарын 2020 жылға дейін 0,6 текше километрге жеткізуді қарастырады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары