• Басты
  • Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі Астана мерейін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді
4 Сәуір, 2015 14:37

Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі Астана мерейін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 көрмесі Астана мерейін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді

Елбасы сапар барысында болашақ көрме кешенінің макетімен танысты, оның ішінде халықаралық, тақырыптық павильондар мен көңіл көтеру және қызмет көрсету нысандары бар.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның ұлттық павильоны – көрменің орталық нысанының құрамы таныстырылды.

Нысандарды аралап болған соң Елбасы құрылыс жұмыстарының жүргізілуі бойынша кеңес өткізді. Атап айтсақ, Елбасы жұмыс кестесінің сақталуын атап өтті, сондай-ақ, кешен 2016 жылдың қыркүйек айында алдын ала қосу жұмыстарын жүргізу үшін дайын болу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметпен бірігіп құрылысы болып жатқан мекемелердің көрме алдындағы жұмыстарын ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.

«Нысандар өзге елдегі жағдайдың кебін киім тұрып қалмауы керек. Қонақтарға үй, қонақ үй мен Конгресс-орталық мақсатына қарай қолданылатын болады. Сондай-ақ, көрмеден кейін шетелдік павильондармен қоса өзге де нысандар бос қалады. Бүгіннен бастап, кешеннің қолданылуын белгілеу қажет. Мүмкін онда халықаралық, қорғаныс және агроөндірістік  шаралар өтетін болатын шығар. Әлемдік ірі компаниялар нысандарды ұолдануға мүдделі болу үшін жұмыс жасау керек.  Сондай-ақ, халықаралық банктер, бұқаралық ақпарат құралдары осы жерден өз кеңселерін ашуға қызығушылық танытуда. Жалпы, 2017 жылдың күзінде барлы нысандар тапсырылуы керек», - деді Президент.

Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде біздің елдің  тағы бір мақсаты әлемдік қауымдастыққа мүмкіндіктерін көрсету.

«Біздің елді ірі энергетикалық мемлекет, уран рудасын өнідіретін ел, астық экспортшысы, табиғи ресурстары бай ел ретінде танмиыды. Енді жаңа елді, болашағы қуатты мемлекетті таныстыру қажет. Ұлттық павильон тұжырымдамасының өзі Қазақстанның бір орында тұрмай, одан әрі дамуға бағыт алған мемлекет екенін дәлелдейді», - деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті аталмыш жоба Астана беделін одан әрі арттыра түсетініне мүмкіндік беретінін айтты.

«Көрме біздің елорданы мүлдем басқа қырынан көрсетеді, оны кеңейтіп гүлдендіре түседі. Бүгінгі таңда Астанада өте маңызды нысандар бойы көтерді.  Алайда, ЭКСПо кешені мүлдем бөлек, ол XXI ғасырдың барлық талаптарын қамтып отыр. Тұрғындар мен қонақтарға болашақ энергиясының жемісін көріп, жаңа нысандардың әдемілігіне тамсана алады», - деді Елбасы.

Қорытындысында Елбасы жобаның одан әрі дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Кеңес барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Т.Ермегияев Елбасының тапсырмасына сәйкес, қазақстандық қамтудың үлесі кешен құрылысында  және халықаралық шараға елдің бизнес-қауымдастықтарын тартуда жоғарылайтындығын атап өтті. ЭКСПО нысандарының қазақстандық қамту үлесі 60 пайызға тең болады деп жоспарлануда.

Құрылыс бойынша баяндаманы «Sembol», «Bi Group», «АБК Курылыс-1», «Mabetex group», «СК Базис», «Компания АДС», «MegaManagement» компанияларының жетекшілері оқыды.

Айта кетерлігі, Көрме кешенінің аймағы 174 га алып жатқан 38 нысанның құрылысы жүруде. Жобаға 8 құрылыс ұйымы мен 3500 жұмысшы жұмылдырылған.

Көрме алаңында  Ұлттық павильон бар, оның диаметрі 80 метр, сондай-ақ, халықаралық, тақырыптық, корпоративтік және сауда, көңіл көтері мен қызмет көрсету павильондары бар.

ЭКСПО нысандары жел мен күннің және баламалы энергия көздері арқылы  «жасыл» энергетикамен қамтылады. 

 

 

Барлық жаңалықтар